Об установлении лимита доли акций (долей участия в уставном капитале) родительской организации страховой группы, страховой (перестраховочной) организации или страхового холдинга, принадлежащих дочерним организациям страховой (перестраховочной) организации либо страхового холдинга, организациям, в которых страховая (перестраховочная) организация либо страховой холдинг имеют значительное участие

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 83. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2012 года № 7506

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и финансовых организаций в части минимизации рисков" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить, что совокупная доля акций (долей участия в уставном капитале) родительской организации страховой группы, страховой (перестраховочной) организации или страхового холдинга, принадлежащих дочерним организациям страховой (перестраховочной) организации либо страхового холдинга, организациям, в которых страховая (перестраховочная) организация либо страховой холдинг имеют значительное участие в капитале, не должна превышать:
      10 (десяти) процентов размера собственного капитала дочерней организации страховой (перестраховочной) организации либо страхового холдинга, а также организации, в которой страховая (перестраховочная) организация либо страховой холдинг имеют значительное участие в капитале;
      10 (десяти) процентов от размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных) акций (долей участия в уставном капитале) родительской организации страховой группы, страховой (перестраховочной) организации или страхового холдинга.
      2. Дочерним организациям страховой (перестраховочной) организации, а также организациям, в которых страховая (перестраховочная) организация либо страховой холдинг имеют значительное участие в капитале, в течение шести месяцев после введения в действие настоящего постановления привести свою деятельность в соответствие с требованиями настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 83 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7506 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының не сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) пайызынан;
      сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) 10 (он) пайызынан аспауы тиіс деп белгіленсін.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымдары осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін алты ай ішінде өзінің қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко