Об утверждении критериев определения индекса фильма

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 7. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 апреля 2012 года № 7537. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 декабря 2018 года № 369 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 24.12.2018 № 369 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. В заголовок приказа внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра культуры и спорта РК от 27.06.2016 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 35) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые критерии определения индекса фильма.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра культуры и спорта РК от 27.06.2016 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан:

      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра культуры и информации Республики Казахстан А. Бурибаева.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр культуры и информации


Республики Казахстан

Д. Мынбай


  Утверждены
приказом Министра
культуры и информации
Республики Казахстан
от 12 марта 2012 года № 7

Критерии определения индекса фильма

      Сноска. В заголовок внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра культуры и спорта РК от 27.06.2016 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Критерии определения индекса фильма (далее - Критерии) разработаны в соответствии с подпунктом 35) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" (далее - Закон) и устанавливают требования к содержанию фильмов, произведенных на территории Республики Казахстан и ввозимых (доставленных) на территорию Республики Казахстан с целью проката и публичной демонстрации, для их классификации по возрастной категории зрителей.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра культуры и спорта РК от 27.06.2016 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Классификация фильмов предназначена для защиты детей и подростков от аудиовизуальных произведений, наносящих вред их здоровью, эмоциональному и интеллектуальному развитию, а также представления свободы выбора в просмотре фильма взрослой аудиторией.

      3. Устанавливаются следующие индексы фильмов по возрастному зрительскому цензу:

      1) "К" - фильмы, предназначенные для зрителей разного возраста:

      фильмы не содержат сцен обнажения, насилия и жестокости, сексуальных сцен, сцен приема наркотических средств и психотропных веществ, несчастных случаев, катастроф, суицида, убийства, тяжелых заболеваний, наркотической и алкогольной зависимости, развода, расизма, религиозных вопросов, асоциального поведения;

      в фильмах не употребляются жаргоны, брань и ненормативная лексика;

      2) "БА" - фильмы, разрешенные для показа детям, достигшим двенадцати лет:

      фильмы не содержат сексуальных сцен, сцен приема наркотических средств и психотропных веществ, суицида, убийства, тяжелых заболеваний, наркотической и алкогольной зависимости, расизма, религиозных вопросов, асоциального поведения;

      фильмы содержат сцены насилия и жестокости без демонстрации кровопролития, краткое изображение несчастного случая или катастрофы, отдельные сцены обнажения;

      в фильмах употребляются определенные жаргонные слова без брани и ненормативной лексики;

      3) "Б14" - фильмы, которые детям до четырнадцати лет рекомендуются смотреть вместе с родителями:

      фильмы не содержат сексуальных сцен;

      фильмы содержат сцены суицида, убийства, проблем семейной жизни и развода, наркотической и алкогольной зависимости, заболеваний, расизма, религиозных вопросов, асоциального поведения, краткие сцены с применением наркотических средств и психотропных веществ, элементы насилия и жестокости (драки, применение оружия), сцены обнажения;

      в фильмах употребляются грубые жаргонные слова, брань;

      4) "Е16" - фильмы, которые зрителям до шестнадцати лет рекомендуются смотреть вместе с родителями:

      фильмы содержат сцены суицида, убийства, проблем семейной жизни и развода, наркотической и алкогольной зависимости, заболеваний, расизма, религиозных вопросов, асоциального поведения, обнажения, насилия, если оно не дается со всеми подробностями и чрезмерной жестокостью; употребления наркотиками и их последствий, но не в положительном контексте;

      в фильмах предполагаются или имитируются сексуальные взаимоотношения гетеросексуальных партнеров при условии, что их действия не выходят за рамки общепринятых норм поведения;

      в фильмах употребляются грубые жаргонные слова, брань, ненормативная лексика;

      5) "Е18" - фильмы, предназначенные для зрителей с восемнадцати лет:

      в фильмах содержатся сцены суицида, убийства, проблем семейной жизни и развода, наркотической и алкогольной зависимости, заболеваний, расизма, религиозных вопросов, асоциального поведения, обнажения, сцены полового акта или других эротических действий сексуального насилия или принуждения, при условии оправданности их сюжетом и художественной задачей кинопроизведения, насилия, злоупотребления наркотических и психотропных веществ и их последствий;

      ограничения в речи персонажей фильма отсутствуют;

      6) "НА" - фильмы, предназначенные только для зрителей, достигших двадцати одного года:

      в фильмах содержатся любые сцены, кроме сцен пропаганды или агитации насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности Республики, подрыва безопасности государства, войны, социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, культа жестокости и насилия, а также порнографического и специального сексуально-эротического характера;

      ограничения в речи персонажей фильма отсутствуют.

      4. Публичный показ (демонстрация) фильма с индексом "НА" допускается в кинозалах и местах, предназначенных для этих целей, после 22 часов до 6 часов утра местного времени.

      Показ фильма по телеканалам (за исключением иностранных телеканалов) с индексом "Е18" допускается после 22 часов до 06 часов утра местного времени, с индексом "НА" - после ноля часов до 06 часов утра местного времени.

      5. Министерством культуры и спорта Республики Казахстан каждому фильму присваивается индекс по возрастному зрительскому цензу в соответствии с пунктом 3 настоящих Критериев.

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 27.06.2016 № 179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Фильмнің индексін айқындау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7537 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 369 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 35) тармақшасына жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Фильмнің индексін айқындау критерийлері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Мәдениет және ақпарат министрі

Д. Мыңбай


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 7 бұйрығымен
бекітілген

Фильмнің индексін айқындау критерийлері

      Ескерту. Критерийдің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Фильмнің индексін айқындау критерийлері (бұдан әрі - Критерии) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерді көрермендердің жас шегіне қарай топтастыру мақсатында фильмдердің мазмұнына талаптар белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Фильмдерді топтастыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, сезімі мен рухани дамуына зиян келтіретін дыбысты-бейнелі шығармалардан оларды қорғау үшін, сонымен қатар ересек аудиторияға фильмді көруде таңдау еркіндігін ұсыну үшін арналған.

      3. Көрермендердің жас шегіне қарай фильмдердің келесі индекстері белгіленеді:

      1) "К" - әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер;

      фильмдер жалаңаш көріністерімен, зорлық-зомбылық пен қатыгездік, сексуалдык көріністерімен, есірткі құралдары мен психотропты заттарды қабылдау көріністерімен, қайғылы оқиғалар, апаттар, өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, ауыр сырқаттар, ішімдікке және есірткіге тәуелділік, неке бұзу, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық көріністерімен мазмұндалмаған;

      фильмдерде жаргондар, балағат сөздер және нормативтен тыс лексика пайдаланылмайды;

      2) "БА" - он екі жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берілген фильмдер:

      фильмдер сексуалдық көріністерімен, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қабылдау көріністерімен, өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, ауыр сырқаттар, ішімдікке және есірткіге тәуелділік, неке бұзу, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық көріністерімен мазмұндалмаған;

      фильмдер қантөгісті көрсетпейтін зорлық-зомбылық көріністерімен, қайғылы оқиғаның немесе апаттың қысқаша бейнесімен, жекелеген жалаңаш көріністерімен мазмұндалған;

      фильмдерде балағатсыз және нормативтен тыс лексикасыз белгілі жаргон сөздер пайдаланылады;

      3) "Б14" - он төрт жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер:

      фильмдер сексуалдық көріністерімен мазмұндалмаған;

      фильмдер өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, отбасылық өмір мен неке бұзу мәселелері, есірткіге және ішімдікке тәуелділік, сырқаттар, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық көріністерін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолданудың қысқаша көріністерін, зорлық-зомбылық пен қатыгездік элементтері (төбелес, қару қолдану), жалаңаш көріністерімен мазмұндалған;

      фильмдерде дөрекі жаргон, балағат сөздері пайдаланылады.

      4) "Е16" - он алты жасқа дейінгі көрермендерге ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер:

      фильмдер өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, отбасылық өмір мен неке бұзу мәселелері, есірткіге және ішімдікке тәуелділік, сырқаттар, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық, жалаңаш, зорлық-зомбылық көріністерін, егер ол егжей-тегжейлі және аса қатыгездікпен берілмесе, есірткі қабылдау және олардың салдарының, бірақ осы құбылысты ақтау тұрғысынан емес көріністерімен мазмұндалған;

      фильмдерде гетеросексуалды жұптардың сексуалды өзара қарым-қатынастары жалпыға ортақ тәртіп нормалары шегінен шықпаған жағдайда, болжанады және имитацияланады;

      фильмдерде дөрекі жаргон, балағат, нормативтік емес лексика сөздері пайдаланылады;

      5) "Е18" - он сегіз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер:

      фильмдер өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, отбасылық өмір мен неке бұзу мәселелерінің, есірткіге және ішімдікке тәуелділік, сырқаттар, нәсілшілдік, діни мәселелерінің, әлеуметтік жат мінез-құлық, жалаңаш көріністерімен, кино туындысынын сюжеті және көркемдік мақсатымен ақталған жағдайда жыныстық қатынас немесе өзге де эротикалық әрекеттер, сексуалдық зорлық немесе күштеу көріністерімен, зорлық-зомбылық көріністерімен, есірткіге салыну және оның салдарларын қиянат ету көріністерімен мазмұндалған;

      фильм кейіпкерлерінің сөйлеген сөздері шектетілмеген;

      6) "НА" - жиырма бір жасқа толған көрермендерге ғана арналған фильмдер:

      фильмдер Республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністерімен, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағs көріністерінен өзге кез келген көріністермен мазмұндалған;

      фильм кейіпкерлерінің сөйлеген сөздеріне шектеу жоқ.

      4. "НА" индексті фильмнің жариялы көрсетіліміне (демонстрациясына) жергілікті уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейін осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен орындарда жол беріледі.

      Телеарналар бойынша (шетелдік телеарналарды қоспағанда) "Е18" индексті фильмді - жергілікті уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейін, "НА" индексті фильмді жергілікті уақытпен сағат нөлден таңғы сағат 06-ға дейін керсетуге жол беріледі.

      5. Осы Критерийлердің 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әр фильмге көрермендердің жас шегіне қарай индекс беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.