Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 2000 тенге образца 2006 года и образца 2012 года

Постановление Правления Национального банка Республики Казахстан от 04 июля 2012 года № 201. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2012 года № 7850. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2013 года № 127

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.05.2013 № 127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года «О Национальном Банке Республики Казахстан» и в целях достижения оптимальной работы по изъятию из обращения денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы) Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить период параллельного обращения банкнот номиналом 2000 тенге образца 2006 года (далее – денежный знак старого образца) и образца 2012 года (далее – денежный знак нового образца) с 1 ноября 2012 года по 1 ноября 2014 года.
      2. В период параллельного обращения денежных знаков старого и нового образцов:
      1) банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций:
      осуществляют выдачу денежных знаков старого и нового образцов из своих касс, а также посредством банкоматов физическим и юридическим лицам;
      сдают поступающие в операционную кассу денежные знаки старого и нового образцов в филиалы Национального Банка Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) в соответствии с постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 марта 2001 года № 58 «Об утверждении Правил ведения кассовых операций и операций по инкассации банкнот, монет и ценностей в банках второго уровня и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций, Республики Казахстан» (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1482);
      2) филиалы Национального Банка:
      осуществляют выдачу денежных знаков старого образца и нового образца из оборотных касс физическим и юридическим лицам;
      принимают без ограничений от юридических лиц денежные знаки нового и старого образцов с последующим перечислением безналичного эквивалента на соответствующие корреспондентские счета банков второго уровня в соответствии с постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 467 «Об утверждении Правил ведения кассовых операций с юридическими и физическими лицами в филиалах Национального Банка Республики Казахстан» (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2685).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 201 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7850 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 127 қаулысымен (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі 2012 жылғы 1 қараша – 2014 жылғы 1 қараша аралығы болып белгіленсін.
      2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:
      1) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
      ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға өз кассаларынан, сондай-ақ банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады;
      операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;
      2) Ұлттық Банктің филиалдары:
      ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға айналым кассаларынан беруді жүзеге асырады;
      заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко