О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 468 "Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 августа 2012 года № 398. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2012 года № 7924

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 468 "Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан 18 октября 2010 года под № 6573, опубликованный в "Казахстанской правде" от 8 февраля 2011 г. № 44-45 (26465-26466) следующее изменение:
      В Правилах получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Дети иностранцев и лиц без гражданства, постоянно проживающих в Республике Казахстан, а также лиц, временно проживающих в Республике Казахстан (беженцы, лица, ищущие убежища, консульские должностные лица, работники дипломатических учреждений, трудовые мигранты, работающие в Республике Казахстан в соответствии с миграционным законодательством) принимаются в организации образования для получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования и пользуются такими же правами, как и граждане Казахстана".
      2. Департаменту стратегического планирования и информационных технологий (Нурмагамбетов А.А.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Шаяхметова С.Б.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жумагулов

"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 398 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7924 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 қазандағы № 6573 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 44-45 (26465-26466) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың (босқындар, пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында көші-қон заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін еңбек мигранттары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтарға ие.».
      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә. Нұрмағамбетов):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов