О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в село Карабулак

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 8 августа 2012 года № 5С-8/3. Зарегистрировано Управлением юстиции города Степногорска Акмолинской области 28 августа 2012 года № 1-2-168. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 3 мая 2013 года № 5С-16/10

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 03.05.2013 № 5С-16/10 (вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в село Карабулак в виде:
      1) подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальной поддержки для приобретения или строительства жилья – бюджетного кредита в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата                       Х.Шакенов

      Секретарь
      городского маслихата                       Г.Копеева

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким города Степногорска                   М.Такамбаев

Қарабұлақ селосына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/3 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 тамызда № 1-2-168 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 3 мамырдағы № 5С-16/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 03.05.2013 № 5С-16/10 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарабұлақ селосына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының түрлері ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Х.Шакенов

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ.Көпеева

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Степногорск қаласының әкімі                М.Тақамбаев