О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 21 октября 2011 года № С-38/3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району"

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 18 апреля 2012 года № 5С-4/2. Зарегистрировано Управлением юстиции Бурабайского района Акмолинской области 11 мая 2012 года № 1-19-231. Утратило силу - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 20 декабря 2012 года № 5С-12/4

      Сноска. Утратило силу - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 20.12.2012 № 5С-12/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Бурабайского районного маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Бурабайскому району» от 21 октября 2011 года № С-38/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-212, опубликовано 8 декабря 2011 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч») следующие изменения:
      пункт 3 главы 1 изложить в следующей редакции:
      «3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.»;
      подпункт 3 пункта 10 главы 2 изложить в следующей редакции:
      «3) документ подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);»;
      подпункт 5 пункта 10 главы 2 исключить;
      подпункт 6 пункта 10 главы 2 изложить в следующей редакции:
      «6) счет на потребление коммунальных услуг.»;
      пункт 11 главы 2 изложить в следующей редакции:
      «11. Семьи (граждане) имеющие право на компенсацию затрат на содержание жилого дома (жилого здания), кроме документов, предусмотренных пунктом 10, предоставляют:
      1) счет о размере целевого взноса на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;
      2) счет о размере ежемесячных взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, предъявляемый органом управления объекта кондоминиума, на основании сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, согласованной с местным исполнительным органом (жилищной инспекцией) утвержденной на общем собрании собственников и нанимателей (поднанимателей) квартир и заверенный печатью, подписью руководителя органа управления объекта кондоминиума.»;
      подпункт 1 пункта 17 главы 2 изложить в следующей редакции:
      «1) оплата на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем не превышает предельно допустимый уровень расходов семьи на эти цели 11 %;»;
      пункт 22 главы 3 изложить в следующей редакции:
      «22. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи исчисляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года.№ 471 «Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      IV (внеочередной) сессии
      районного маслихата                        Г.Бичун

      Секретарь
      районного маслихата                        У.Бейсенов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Бурабайского района                   В.Балахонцев

Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 "Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 5С-4/2 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырда № 1-19-231 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-212 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тараудың 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемдері, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысының тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
      2 тараудағы 10 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының аңықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасы);»;
      2 тараудағы 10 тармақтың 5 тармақшасы алып тасталсын;
      2 тараудағы 10 тармақтың 6 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот.»;
      2 тараудың 11 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса ұсынады:
      1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.»;
      2 тараудағы 17 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 11 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;»;
      3 тараудың 22 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «22. Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      IV (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       Г.Бичун

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев