Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района"

Решение маслихата Балхашского района Алматинской области от 20 февраля 2012 года N 2-15. Зарегистрировано Управлением юстиции Балхашского района Департамента юстиции Алматинской области 16 марта 2012 года N 2-6-95. Утратило силу - решением маслихата Балхашского района Алматинской области от 07 сентября 2012 года N 8-46

      Сноска. Утратило силу - Решением маслихата Балхашского района Алматинской области от 07.09.2012 N 8-46.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с пунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Балхашский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата акима Б.Тлеубаеву (по согласованию).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ІІ-ой сессии
      Районного маслихата
      V-го созыва                                А. Алипбаев

      Секретарь районного
      маслихата V-го созыва                      М. Камаубаев

Утвержден решением
Балхашского районного
маслихата Об утверждении
Правил присвоения звания
"Почетный гражданин
Балхашского района" от 20
февраля 2012 года за N 2-15

ПРАВИЛА
присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района"

1.Общие положения

      1. Настоящие "Правила присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района" (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регламентируют порядок присвоения звания " Почетный гражданин Балхашского района".
      2. Звание "Почетный гражданин Балхашского района" (далее - Звание) присваивается в знак признания заслуг перед районам за:
      1) вклад в развитие экономики, науки и культуры, искусства, образования, здравоохранения и социальной сферы района;
      2) заслуги в государственной и общественной деятельности, развитии демократии, гласности и социального прогресса, духовного и интеллектуального потенциала;
      3) достижения в спорте, на государственной и военной службе;
      4) благотворительную деятельность и милосердие;
      5) плодотворную работу по укреплению межнационального согласия и общественной стабильности, мира, дружбы и сотрудничества между народами;
      6) активную деятельность по защите прав и законных интересов граждан; создании высокохудожественных произведений искусства, литературы и журналистики;
      7) оздоровление окружающей природной среды.
      3. Звание присваивается гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам, постоянно проживающим на территории Балхашского района, внесшим весомый вклад в социально-экономическое развитие города.

2. Порядок представления к присвоению Звания

      4. Решение о присвоении звания "Почетный гражданин Балхашского района" принимает районный маслихат по представлению акима района.
      5. Ходатайство о присвоении звания "Почетный гражданин Балхашского района" представляется руководителями организаций, предприятий, ведомств, учреждений, общественных объединений, творческих союзов, органов местного самоуправления и других в аппарат акима района.
      6. Кандидатура лица, представляемого к присвоению звания и характеристика на него, рассматривается на собрании трудового коллектива организации, предприятия, ведомства, учреждения, общественного объединения, творческого союза, органа местного самоуправления и других, где непосредственно работает представляемый к награде.
      7. На каждого представляемого к присвоению звания составляется наградной лист согласно приложению. В наградном листе указываются фамилия, имя, отчество согласно документу, удостоверяющему личность, профессия и должность, полное наименование должности и места работы, данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в отрасли и в данном коллективе, его конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы, основные результаты работы.
      8. В наградном листе приводится характеристика с изложением конкретных трудов и творческих заслуг награждаемого, сведения об эффективности и качестве его деятельности, основные результаты работы, а также указывается конкретный вклад в дело социального, экономического, культурного и духовного развития района.
      9. К наградному листу на лицо, представляемое к присвоению звания из числа ученых, деятелей науки и техники прилагается список научных работ, для изобретателей – перечень внедренных изобретений с показом экономического эффекта, фотокопии или нотариально заверенные копии авторских свидетельств об изобретениях.
      10. Наградной лист подписывается руководителем организации, предприятия, ведомства, учреждения, общественного объединения, творческого союза, органа местного самоуправления, а также скрепляется печатями тех организаций, предприятий, ведомств, учреждений, общественных объединений, творческих союзов, органов местного самоуправления, руководителями которых он подписан.
      Наградные листы заполняются с применением компьютерной техники. К наградному листу прилагаются 2 цветных фотографии, размером 3х4 сантиметра.
      11. Неправильно оформленные наградные документы к рассмотрению не принимаются.
      12. Лицам, которым присвоено звание "Почетный гражданин Балхашского района" вручаются удостоверение, нагрудной знак и лента.
      13. Вручение удостоверения, нагрудного знака и ленты производится акимом района и секретарем районного маслихата в торжественной обстановке.
      14. О вручении составляется протокол, который подписывается лицом, вручившим награду.

2. Описание удостоверения, нагрудного знака и ленты

Удостоверение

      15.Удостоверения изготовляется из твердой обложки темно – синего цвета, в развернутом виде имеет размер 6,8 х 18,5 сантиметра, на лицевой стороне удостоверения изображена эмблема Балхашского района, типографическим шрифтом выполнена надпись на казахском языке "Балқаш ауданының Құрметті азаматы".
      16. Внутренняя сторона удостоверения голубого цвета, на правой и левой стороне на казахском и русском языках имеется текст: "Балқаш ауданы", подчеркнутое красной линией, указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество, номер, дата принятия решения районного маслихата и день выдачи.
      17. На правой и внутренней стороне изображена эмблема Балхашского района и надпись "Балқаш ауданы", на левую внутреннюю сторону удостоверения наклеивается фотография (анфас) размером 3х4 сантиметра. Ниже фотографии ставится подпись акима района и секретаря районного маслихата.
      18. Подпись удостоверении заверяется гербовой печатью.
      19. Левый листки удостоверения ламинируется.

Нагрудной знак

      20. Нагрудный знак изготовляется из низкотемпературного металлосплава покрытый тонким слоем никеля и золота путем гальваники.
      21. Нагрудный знак к Званию состоит из двух элементов: колодки и подвески. Фон текста в колодке голубой эмалью и имеется надпись "Құрметті Азаматы". В подвеске изображена эмблема Балхашского района.

Лента

      22. Лента изготовлена из материала синего цвета, длиной – 210 сантиметров, шириной – 20 сантиметров. По центру ленты желтым цветом выполнена надпись "Балқаш ауданының Құрметті азаматы", обшитая нитками золотого цвета. Концы ленты обрамлены бахромой золотого цвета.

4. Основания для лишения Звания

      23. Лицо, которому присвоено Звание, будет лишен его по решению районного маслихата в случаях совершения: преступления, после вступления в законную силу решения суда; негативных проступков, вызвавших большой общественный резонанс; по представлению органа, внесшего ходатайство о присуждении Звания.
      24. Лицо, лишенное Звания по основаниям, предусмотренным пунктом 23 настоящих Правил, не может быть повторно выдвинуто на присвоение Звания.
      25. Незаконно осужденные и реабилитированные полностью по решению суда восстанавливаются в правах на Звание решением Балхашского районного маслихата.

"Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы N 2-15 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 16 наурызда N 2-6-95 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 07 қыркүйектегі N 8-46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 07.09.2012 N 8-46 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 12–2)-тармақшасына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген "Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тлеубаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған аудандық
      мәслихаттың ІІ сессиясының
      төрағасы                                   А. Әліпбаев

      V шақырылған аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        М. Қамаубаев

Балқаш аудандық мәслихатының
2012 жылғы 20 ақпандағы
"Балқаш ауданының құрметті
азаматы" атағын беру Ережесін
бекіту туралы N 2-15
шешімімен бекітілген

"Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру ережесi" (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру тәртiбiн реттейдi.
      2. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағы (бұдан әрi – Атақ):
      1) ауданның экономикасын, ғылымын және мәдениетiн, өнерiн, бiлiмiн, денсаулық сақтау және әлеуметтiк салаларын дамытуға үлес қосқаны.
      2) мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi, демократиялық, жариялылық және әлеуметтiк прогресс, рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамытуға қосқан еңбегi.
      3) спортта, мемлекеттiк және әскери қызметте жеткен жетiстiгi;
      4) қайырымдылық қызметi және мейiрмандылығы;
      5) халықаралық келiсiм мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбiтшiлiктi, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту жөнiндегi жемiстi жұмысы;
      6) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметі; әдебиет және журналистикада жоғарғы көркем туындылары;
      7) қоршаған табиғи ортаны сауықтырғаны үшін беріледі.
      3. Атақ Балқаш ауданының аумағында тұрақты тұрып жатқан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдiк азаматтарға берiледi.

2. Атақты беруге ұсынудың тәртібі

      4. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру туралы шешімді аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат қабылдайды.
      5. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағына ұсыну туралы кепілдемесін ұйымдардың, кәсіпорындардың, ведомстволардың, мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық одақтардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және басқалардың басшылары аудан әкімі аппаратының қарауына ұсынады.
      6. Атаққа ұсынылушының кандидатурасы мен мінездемесі ол жұмыс істейтін ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе басқаның еңбек ұжымындағы жиналыста қарастырылады.
      7. Атаққа ұсынылушының әрқайсысына қосымшаға сәйкес награда қағазы толтырылады. Награда қағазында оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты, жұмыс орнының және лауазымының толық атауы наградаға ұсынылушының жеке басын сипаттайтын мәліметтер, саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәлімет, жұмысының негізгі нәтижелері көрсетіледі.
      8. Награда қағазында марапатталушының нақты еңбек көрсеткiштерi мен шығармашылық еңбектерi, қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер, негiзгi жұмыс нәтижелерi баяндалған, сондай-ақ ауданның әлеуметтiк, экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесi көрсетiлген мiнездеме келтiрiледi.
      9. Атаққа ұсынылған ғалым, ғылым мен техника қайраткерлерінің награда қағаздарына ғылыми жұмыстарының тізімі, өнертапқыштар үшін – экономикалық тиімділігін көрсете отырып енгізілген жаңалығының тізімі, нотариус куәландырған жаңалығының куәлігінің көшірмесі немесе фотокөшірмелері тіркеледі.
      10. Награда қағазына ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының басшылары қол қояды, сондай-ақ басшылардың қолы қойылған ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының мөрімен бекітіледі.
      Награда қағазы компьютерлік техниканы пайдалана отырып, толтырылады. Награда қағазына 3*4 сантиметр көлемінде 2 түрлі-түсті фотосурет тіркеледі.
      11. Дұрыс ресімделмеген награда құжаттары қарауға қабылданбайды.
      12. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағы берілген адамдарға куәлік, төсбелгі және лента тапсырылады.
      13. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" кеуде белгісі мен куәлігін аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.
      14. Тапсырылғаны туралы хаттама жасалып, оған тапсырған адам қол қояды.

3. Куәліктің, төсбелгінің және лентаның сипаттамасы

Куәлік

      15. Куәлік қою көк түсті қатты қаптамадан жасалады, жайылған күйдегі көлемі 6,5х18,5 сантиметр, сыртқы бетінде Балқаш ауданының эмблемасы бейнеленіп, "Балқаш ауданының Құрметті азаматы" деп баспаханалық қаріппен қазақ тілінде жазылған.
      16. Куәліктің ішкі жағы көгілдір түсті, сол жағында қазақ және орыс тілдерінде: "Балқаш ауданы" деген мәтіндер терілген және асты қызыл желекпен сызылған, куәлік нөмірі, тегі, аты және аудандық мәслихаттың қабылдаған шешімінің нөмірі, берілген күні көрсетіледі.
      17. Ішкі оң жақ бетте Балқаш ауданының эмблемасы және "Балқаш ауданы" деген сөз бар, ішкі сол жақ бетінде көлемі 3х4 сантиметр болатын сурет (анфас) жапсырылады. Суреттен төмен аудан әкімінің қолы қойылады.
      18. Куәлікке қойылған қол елтаңбалы мөрмен расталады.
      19. Куәліктің сол жақ беттері ламинатталады.

Төсбелгі

      20. Төсбелгі төменгі температуралы металл қосындыларынан жасалып, гальваникалық жолмен жұқа қабатты никель мен алтын жалатылған.
      21. Атақтың төсбелгісі екі элементтен тұрады: кеудеге тағатын негіз және алқасы. Кеудеге тағатын негіздің іші көк түсті эмальмен құйылған, "Құрметті азаматы" деген жазуы бар. Алқада Балқаш ауданының эмблемасы бейнеленген.

Лента

      22. Лента ұзындығы – 210 сантиметр, ені – 20 сантиметр көк түсті матадан жасалынған. Лентаның ортасында "Балқаш ауданының Құрметті азаматы" деген жазуы бар. Екі жақ ұшы алтын түсті шашақтармен көмкерілген.

4. Атақтан айыру негiздемесi

      23. Атақ берiлген адам қылмыс жасаған, заңды күшiне енген сот шешімінен кейiн, үлкен қоғамдық наразылық тудыратын жағымсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайда, атақ беру туралы кепілдеме енгізген органның ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың шешiмiмен атағынан айырылады.
      24. Осы Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша Атақтан айырылған адам Атақ беруге қайта ұсынылмайды.
      25. Сот шешімі бойынша заңсыз сотталғандар және толық ақталғандардың атаққа құқығы Балқаш ауданы мәслихатының шешімімен қайта қайтарылады.