Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по городу Тараз

Постановление Таразского городского акимата от 27 марта 2012 года № 217. Зарегистрировано управлением юстиции города Тараз Жамбылской области 28 апреля 2012 года за номером 6-1-149

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      На основании статьи 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», Постановления Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», акимат города Тараз ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Провести призыв на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Для проведения призыва граждан на воинскую службу образовать городскую призывную комиссию в следующем составе:

Тогузбаева -
Кулимхан Майлыбековна

Адамбеков -
Болат Аскарович

заместитель акима города Тараз, председатель комиссии;

временно исполняющий обязанности начальника государственного учреждения «Управление по делам обороны города Тараз Жамбылской области», подполковник, заместитель председателя комиссии (по согласованию);

Члены комиссии:


Кулшынбаев -
Киясхан Сапакович

заместитель начальника государственного учреждения «Управление внутренних дел города Тараз Департамента внутренних дел Жамбылской области (по согласованию);

Ордабеков -
Ербол Сагиндыкович

заместитель главного врача государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Городская больница № 1 управления здравоохранения акимата Жамбылской области», председатель медицинской комиссии (по согласованию);

Нуркадирова -
Рабига Абдикадыровна

медицинская сестра государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Городская больница № 2 управления здравоохранения акимата Жамбылской области», секретарь медицинской комиссии (по согласованию).

      3. Государственному учреждению «Управление внутренних дел города Тараз Департамента внутренних дел Жамбылской области» (по согласованию) рекомендовать в пределах своей компетенции обеспечить доставку лиц, уклоняющихся от призыва на воинскую службу.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Тараз Тогузбаеву Кулимхан Майлыбековну.
      5. Настоящее постановление вступает в силу с момента государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 апреля 2012 года.
      
      Аким города                                Б.Орынбеков

«СОГЛАСОВАНО»
Временно исполняющий обязанности
начальника государственного учреждения
«Управление по делам обороны города Тараз
Жамбылской области»
Б.А.Адамбеков
26.03.2012 год

«СОГЛАСОВАНО»
Начальник государственного учреждения
«Управление внутренних дел города Тараз
Департамента внутренних дел Жамбылской области»
К.С. Досанов
26.03.2012 год

«СОГЛАСОВАНО»
Исполняющая обязанности главного врача
государственного коммунального предприятия
на праве хозяйственного ведения
«Городская больница № 1 управления здравоохранения
акимата Жамбылской области»
Б.Б.Узденбаева
26.03.2012 год

«СОГЛАСОВАНО»
Главный врач государственного коммунального
предприятия на праве хозяйственного ведения
«Городская больница № 2
управления здравоохранения
акимата Жамбылской области»
У.Б. Байдарбеков
26.03.2012 год


2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Тараз қаласы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 217 қаулысы. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 сәуірде 6-1-149 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қалалық шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:

Тоғызбаева -
Күлімхан Майлыбекқызы

Адамбеков -
Болат Асқарұлы

Тараз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;

«Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін уақытша атқарушы, подполковник, төраға орынбасары (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:


Құлшынбаев -
Қиясхан Сапақұлы

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Ордабеков -
Ербол Сагиндыкович

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);

Нұрқадірова -
Рабиға Әбдіқадірқызы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 2 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша).

      3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындаған қатынастарға таралады.
      
      Қала әкімі                                 Б.Орынбеков

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін уақытша атқарушы
Б.А.Адамбеков
26.03.2012 ж.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.С.Досанов
26.03.2012 ж.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
№ 1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігерінің міндетін атқарушы
Б.Б.Үзденбаева
26.03.2012 ж.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы № 2 қалалық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
У.Б.Байдарбеков
26.03.2012 ж.