О предоставлении социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сарысуского района на 2012 год

Решение маслихата Сарысуского района Жамбылской области от 27 марта 2012 года № 3-7. Зарегистрировано управлением юстиции Сарысуского района 18 апреля 2012 года за № 6-9-136. Утратило силу решением Сарысуского районного маслихата от 10 апреля 2013 года № 14-4

      Сноска. Утратило силу решением Сарысуского районного маслихата от 10.04.2013 № 14-4.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 2 Постановления Правительства Республики Казахстан «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» от 18 февраля 2009 года № 183, районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сарысуского района следующие виды социальной поддержки на 2012 год:
      1) подьемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальной поддержки для приобретения или строительства жилья - бюджетный кредит в сумме, одна тысяча пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по социально-экономическому развитию территорий, финансов и бюджета, охраны окружающей среды и использования природы, определения административно-территориальной единицы районного маслихата Б.Кокебаеву.
      3. Настоящее решение вступает в силу с момента государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      
      Председатель сессии                        Секретарь районного
      районного маслихата                        маслихата
      Т. Блалиев                                 Б. Дондаулы

2012 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3-7 шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 сәуірде № 6-9-136 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 14-4 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 10.04.2013 № 14-4 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мө лшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына келесі әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш сомасында бюджеттік кредит.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Көкебаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезінен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Т. Блалиев                                 Б. Дондаұлы