Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Буйратау" на территории Карагандинской области

Постановление акимата Карагандинской области от 2 ноября 2012 года N 56/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 26 ноября 2012 года N 1988.

      В соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях обеспечения особой охраны и защиты республиканского государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Буйратау" от неблагоприятного внешнего воздействия, акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить:

      охранную зону на территории Карагандинской области вокруг границы республиканского государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Буйратау" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – национальный парк) шириной не менее двух километров, общей площадью 9003,2 гектар, без изъятия у собственников земельных участков и землепользователей и без изменения категории земель;

      границу охранной зоны по периметру границы национального парка;

      режим и порядок природопользования на территории охранной зоны национального парка согласно приложению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления акимата Карагандинской области от 12.11.2021 № 81/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Айтуганова К.К.

      3. Постановление акимата Карагандинской области "Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Буйратау" на территории Карагандинской области" вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким Карагандинской области

А. Кусаинов


  УТВЕРЖДЕНО
постановлением акимата
Карагандинской области
от 02 ноября 2012 года
N 56/02

Режим и порядок природопользования на территории охранной зоны государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Буйратау" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок – в редакции постановления акимата Карагандинской области от 12.11.2021 № 81/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      1. В охранной зоне республиканского государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Буйратау" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – национальный парк) разрешаются основные виды традиционной хозяйственной деятельности землепользователей, обеспечивающие устойчивое использование природных ресурсов.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления акимата Карагандинской области от 12.11.2021 № 81/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. В охранной зоне национального парка не допускается:

      1) создание новых и расширение существующих населенных пунктов;

      2) размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы национального парка;

      3) ведение интенсивных форм сельского и лесного хозяйства с применением токсичных для растительного и животного мира пестицидов, ядохимикатов и удобрений;

      4) выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод, размещение отходов;

      5) добыча полезных ископаемых;

      6) любительская (спортивная) и промысловая охота;

      7) захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;

      8) деятельность, способная изменить гидрологический режим экологических систем национального парка (строительство плотин, дамб, гидротехнических сооружений и других объектов, приводящих к прекращению или снижению естественного стока вод);

      9) интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений;

      10) другая деятельность, способная оказывать вредное воздействие на экологические системы национального парка.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенным постановлением акимата Карагандинской области от 12.11.2021 № 81/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. На территории охранной зоны национального парка могут осуществляться различные формы хозяйственной деятельности, не оказывающие негативного воздействия на состояние экологических систем национального парка:

      1) лесохозяйственная деятельность;

      2) традиционное землепользование, включая пастьбу скота и сенокошение, а также иная деятельность в рамках обеспечения долговременной сохранности и неуязвимости биологического разнообразия;

      3) туристская и рекреационная деятельность;

      4) использование минеральных вод, бальнеологических и климатических ресурсов;

      5) промысловое и любительское (спортивное) рыболовство;

      6) проведение наземных и авиационных работ по тушению лесных и степных пожаров;

      7) рекультивация нарушенных земель;

      8) восстановление лесных и иных растительных сообществ;

      9) восстановление среды обитания и численности диких животных;

      10) использование земельных участков для обустройства мест пребывания туристов, устройства питомников для искусственного размножения, выращивания, разведения эндемичных, редких и исчезающих видов растений и животных, а также для строительства служебных зданий (кордонов) для проживания работников национального парка, предоставления им служебных земельных наделов.

      4. В охранной зоне национального парка при осуществлении видов деятельности, указанных в пункте 3 настоящего приложения, должны предусматриваться и осуществляться мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов животного и растительного мира, путей миграции и мест концентрации животных, обеспечиваться неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных, а также иных объектов национального парка.

Қарағанды облысының аумағында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қарашадағы N 56/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қарашада N 1988 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қолайсыз сыртқы әсерден "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемені ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі - ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің шекарасының аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзертпей, жалпы аумағы 9003,2 гектар, ені екі шақырымнан кем емес қорғау аймағы;

      ұлттық парк шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағы шекарасы;

      қосымшаға сәйкес ұлттық парктің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтуғановқа жүктелсін.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысының аумағында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі

Ә. Құсайынов


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 02 қарашадағы
N 56/02 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін жер пайдаланушылардың ұлттық шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат беріледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Ұлттық парктың қорғау аймағында жол берілмейді:

      1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;

      2) ұлттық парктың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;

      3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;

      4) атмосфераға және ашық су көздері мен жер рельефіне ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

      5) пайдалы қазбалар өндіруге;

      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;

      7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;

      8) парктың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);

      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;

      10) ұлттық парктың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Ұлттық парктың қорғау аймағының аумағында Парктың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынандай әр түрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық сан алуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

      8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскілерінде туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, ұлттық парк қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.

      4. Ұлттық парктың қорғау аймағында осы қосымшаның 3-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскілерге, сондай-ақ ұлттық парктың қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.