Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 19 апреля 2012 года N 12/02. Зарегистрировано Управлением юстиции Абайского района Карагандинской области 3 мая 2012 года N 8-9-132. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 4 апреля 2016 года № 12/06

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 04.04.2016 № 12/06 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года N 221 "Об утверждении Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства" и на основании рекомендаций (заключения) товарищества с ограниченной ответственностью "Карагандинский научно-исследовательский институт растениеводства и селекции" акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить сроки предоставления заявок на включение в список получателей субсидий по Абайскому району с 1 июня по 5 июня.
      2. Определить оптимальные сроки сева приоритетных сельскохозяйственных культур с 10 по 31 мая.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Бимаганбетова М.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким Абайского района
Е. Нашаров

      

Ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері мен субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімін анықтау туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі N 12/02 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 мамырда N 8-9-132 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 12/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 04.04.2016 № 12/06 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына және "Өсімдік шаруашылығы селекциясын Қарағанды ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорытындысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 маусымнан 5 маусым аралығында Абай ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімі анықталсын.
      2. 10 мамырдан 31 мамыр аралығындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы мерзімдері анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Бимағанбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі
Е. Нашаров