О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 23 октября 2012 года № 360. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 7 ноября 2012 года № 3874. Утратило силу постановлением акимата Сарыкольского района Костанайской области от 20 августа 2013 года № 298

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сарыкольского района Костанайской области от 20.08.2013 № 298.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" акимат Сарыкольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать социальную помощь для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому в размере восьмикратного месячного расчетного показателя на каждого ребенка ежеквартально.
      2. Определить уполномоченным органом по назначению и выплате социальной помощи государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата Сарыкольского района".
      3. Установить выплату социальной помощи в течение соответствующего учебного года.
      4. Выплата социальной помощи осуществляется путем перечисления денежных средств на банковский счет потребителя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Сарыкольского района Дутпаева С.М.
      6. Признать утратившим силу постановление акимата "Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, обучающимся и воспитывающимся на дому" от 2 апреля 2010 года № 103 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером № 9-17-97, опубликовано 6 мая 2010 года в газете "Сарыкөл").
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 января 2012 года.

      Аким
      Сарыкольского района                       А. Турсунов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник ГУ "Отдел
      занятости и социальных программ
      акимата Сарыкольского района"
      _________________ С. Мулдабеков

Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 360 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қарашада № 3874 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 20.08.2013 № 298 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін сегіз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр балаға тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.
      3. Тиісті оқу жылы ішінде әлеуметтік көмек төлемі белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      6. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 103 қаулысы жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-97 тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған).
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

      Сарыкөл
      ауданының әкімі                            А. Тұрсынов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
      __________________ С. Молдабеков