Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза Павлодарской области

Решение маслихата Павлодарской области от 15 июня 2012 года N 60/5 и постановление акимата Павлодарской области от 15 июня 2012 года N 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 июля 2012 года N 3213

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и подпунктами 3, 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно–территориальном устройстве Республики Казахстан" от 8 декабря 1993 года, совместным постановлением и решением акимата и маслихата города Экибастуза от 31 мая 2011 года N 350/32 "О некоторых изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза", постановлениями Павлодарского областного акимата от 05 июня 2012 года N 159/6 "Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза", от 05 июня 2012 года N 160/6 "Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза", с учетом мнения жителей города Экибастуза, акимат Павлодарской области ПОСТАНОВИЛ и Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в административно-территориальное устройство города Экибастуза следующие изменения:
      образовать село Атыгай в Байетском сельском округе;
      образовать села Бозщаколь и 112 разъезд;
      образовать Торт-Кудукский сельский округ с населенными пунктами: селами Торт–Кудук, Бозщаколь и 112 разъезд с центром в селе Торт–Кудук;
      преобразовать Комсомольский сельский округ в село Шикылдак без изменения границ;
      преобразовать Карасукский сельский округ в село Бескауга без изменения границ.
      2. Упразднить и исключить из учетных данных Павлодарской области следующие села:
      упразднить:
      село Суыккудук Сарыкамысского сельского округа;
      село Жартас Олентинского сельского округа;
      село Присовхозный Аккольского сельского округа.
      3. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам обеспечения прав и законных интересов граждан.
      4. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        А. Касицин

      Аким Павлодарской области                  Е. Арын

      Секретарь областного
      маслихата                                  М. Кубенов

Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 60/5 шешімі және Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы N 6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 шілдеде N 3213 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының   3, 4) тармақшаларына, Екібастұз қаласы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 31 мамырдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" N 350/32 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" N 159/6, 2012 жылғы 5 маусымдағы "Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" N 160/6 қаулыларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Байет ауылдық округінде Атығай ауылы құрылсын;
      Бозшакөл ауылы және 112 - разъезд құрылсын;
      Төрт-Құдық ауылын орталық ретінде алып, Төрт-Құдық, Бозшакөл, 112 - разъезд ауылдарының елді мекендерімен Төрт–Құдық ауылдық округі құрылсын;
      Комсомол ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Шиқылдақ ауылы болып қайта құрылсын;
      Қарасу ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Бесқауға ауылы болып қайта құрылсын.
      2. Сарықамыс ауылдық округінің Суыққұдық ауылы;
      Өленті ауылдық округінің Жартас ауылы;
      Ақкөл ауылдық округінің Присовхозный ауылы таратылсын және  Павлодар облысының есептік деректерінен шығарылсын.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            А. Касицин

      Облыс әкімі                                Е. Арын

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Көбенов