Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 29 июня 2012 года N 967/20. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 16 июля 2012 года N 12-1-188. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 11 октября 2013 года N 1363/5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 11.10.2013 N 1363/5.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам населения, проживающих на территории города Павлодара, следующими категориями безработных граждан:
      1) лица, имеющие ограничения в труде по справкам врачебно-консультационной комиссии;
      2) женщины старше 50 лет;
      3) мужчины старше 55 лет;
      4) молодежь до 25 лет включительно;
      5) лица, не работающие длительное время (более одного года);
      6) лица, не имеющие в семье ни одного работающего;
      7) лица, ранее не работавшие (не имеющие трудового стажа);
      8) женщины, имеющие детей в возрасте до 5 лет.
      2. Установить дополнительные меры по социальной защите безработных граждан из целевых групп населения:
      1) продлить срок участия в общественных работах лицам предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию) до достижения ими пенсионного возраста;
      2) установить срок участия в общественных работах до одного года: инвалидам, лицам, имеющим ограничения в труде по справкам врачебно-консультационной комиссии, кроме лиц предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию).
      3. Государственному учреждению "Отдел  занятости и социальных программ города Павлодара" осуществлять реализацию дополнительных мер по социальной защите безработных граждан, относящихся к целевым группам населения.
      4. Признать утратившим силу постановление акимата города Павлодара от 3 мая 2011 года N 892/14 "Об определении целевых групп населения и дополнительных мер по содействию их занятости и социальной защите в 2011 году" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-1-171, опубликованное в газетах "Шаһар" от 27 мая 2011 года N 13, "Версия" от 30 мая 2011 года N 21).
      5. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Канафину А. М.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Павлодара                      О. Каиргельдинов

Әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы N 967/20 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 шілдеде N 12-1-188 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 11 қазандағы N 1363/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 11.10.2013 N 1363/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) толық 25 жасқа дейінгі жастар;
      5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      7) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) тұлғалар;
      8) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
      2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар анықталсын:
      1) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
      2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғалардан (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік–кеңестік комиссияның анықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі бір жылға дейін белгіленсін.
      3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
      4. Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2011 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 892/14 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-171 тіркелген, 2011 жылғы 27 мамырда N 13 "Шаһар", 2011 жылғы 30 мамырда N 21 "Версия" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі                   О. Қайыргелдинов