О предоставлении права льготного проезда некоторым категориям обучающихся и воспитанников учреждений образования города Аксу на городском общественном транспорте (кроме такси) на 2012 год

Решение маслихата города Аксу Павлодарской области от 12 апреля 2012 года N 21/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 15 мая 2012 года N 12-2-198. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата города Аксу Павлодарской области от 18 октября 2013 года N 1-11/127)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата города Аксу Павлодарской области от 18.10.2013 N 1-11/127).

      На основании подпункта 2) пункта 1 статьи 6 и подпункта 1) пункта 4 статьи 47 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" Аксуский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить льготу в виде бесплатного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям обучающихся и воспитанников общеобразовательных школ, специальной коррекционной школы-интерната города Аксу:
      1) детям из малообеспеченных семей;
      2) детям из многодетных семей;
      3) детям-инвалидам;
      4) детям, находящимся под опекой (попечительством) и патронатом.
      2. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам плана и бюджета городского маслихата.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь
      городского маслихата                       М. Омаргалиев

Ақсу қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің кейбір санаттарына 2012 жылы қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығын беру туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 21/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 мамырда N 12-2-198 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 18 қазандағы N 1-11/127 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 18.10.2013 N 1-11/127 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабы  4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының жалпы білім беру мектептерінің, арнайы түзеу мектеп-интернатының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
      1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
      2) көп балалы отбасыларының балаларына;
      3) мүгедек балаларға;
      4) қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        М. Омарғалиев