Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 7 ноября 2012 года N 322. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 26 ноября 2012 года N 1968. Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 17 марта 2014 года N 62

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 17.03.2014 N 62

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 11 октября 2011 года «О религиозной деятельности и религиозных объединениях» акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить расположение специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      И.о. акима области                         А. Сапаров

Приложение
к постановлению акимата
Северо-Казахстанской области
от 7 ноября 2012 года № 322

Специальные стационарные помещения для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения

Наименование

Адрес

1.

Магазин

Северо-Казахстанская область, город Петропавловск, улица Интернациональная, 24

2.

Магазин

Северо-Казахстанская область, город Петропавловск, улица Конституции Казахстана, 14

3.

Бутик «Меломан» на первом этаже торгового комплекса (помещение № 1.21)

Северо-Казахстанская область, город Петропавловск, улица Карима Сутюшева, 58/б

4.

Жилой дом

Северо-Казахстанская область, Жамбылский район, село Пресновка, переулок Московский, дом 1

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қарашадағы N 322 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қарашада N 1968 тіркелді. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы N 62 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.03.2014 N 62 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің м.а.                        А. Сапаров

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 322 қаулысына қосымша

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар

Атауы

Мекенжайы

1.

Дүкен

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 24

2.

Дүкен

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 14

3.

Сауда кешенінің бірінші қабатындағы «Меломан» бутигі (№ 1.21 үй-жай)

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Кәрім Сүтішев көшесі, 58/б

4.

Тұрғын үй

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Московский бұрылыс көшесі, 1