Об изменении границ Алгабасского, Жамбылского, Коктерекского и Шаянского сельских округов Байдибекского района Южно-Казахстанской области

Совместное решение областного маслихата Южно-Казахстанской области № 6/59-V от 20 сентября 2012 года и постановление акимата Южно-Казахстанской области № 299 от 18 октября 2012 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области от 15 ноября 2012 года за № 2138

      В соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан», с учетом совместного предложения маслихата и акимата Байдибекского района акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВИЛ и Южно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Изменить границы Алгабасского, Жамбылского, Коктерекского и Шаянского сельских округов Байдибекского района с включением в административные границы Шаянского сельского округа части земель Алгабасского сельского округа общей площадью 560,8 гектаров, Жамбылского сельского округа общей площадью 694,46 гектаров, Коктерекского сельского округа общей площадью 621,33 гектаров.
      2. Данное совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
      
      Аким области                               А. Мырзахметов
      
      Председатель сессии областного маслихата   Д. Абиш
      
      Секретарь областного маслихата             К. Ержан

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы Алғабас, Жамбыл, Көктерек және Шаян ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 6/59-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 299 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қарашада № 2138 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бәйдібек ауданының Шаян ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Алғабас ауылдық округінен жалпы көлемі 560,8 гектар, Жамбыл ауылдық округінен жалпы көлемі 694,46 гектар, Көктерек ауылдық округінен жалпы көлемі 621,33 гектар жер бөліктерінің қосылуымен Алғабас, Жамбыл, Көктерек және Шаян ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Д.Әбіш

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Қ.Ержан