Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников в Южно-Казахстанской области

Решение областного маслихата Южно-Казахстанской области от 7 декабря 2012 года № 9/82-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области от 11 января 2013 года № 2205

      В соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Южно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить ставки платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников в Южно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.
      2. Признать утратившим силу решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 29 марта 2005 года № 14/140-ІІІ «Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников в Южно-Казахстанской области» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1909, опубликовано 29 апреля 2005 года в газете «Южный Казахстан» № 35).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии областного маслихата   С.Куашбаев

      Секретарь областного маслихата             К.Ержан

Приложение
к решению Южно- Казахстанского
областного маслихата от 7 декабря
2012 года № 9/82-V

Ставки платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников в Южно-Казахстанской области

п/п

Виды специального водопользования

Ставки платы

1.

Жилищно-эксплуатационные и коммунальные услуги (тиын/кубический метр)

12,16

2.

Промышленность, включая теплоэнергетику, (тиын/кубический метр)

45,92

3.

Сельское хозяйство, (тиын/кубический метр)

1,91

4.

Прудовые хозяйства, осуществляющие забор из водных источников.

(тиын/кубический метр)

10,18

5.

Гидроэнергетика, (тиын/киловатт час)

2,84

6.

Водный транспорт, (тиын/тонна километр)

0,87

Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/82-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда № 2205 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 14/140-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1909-нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 28 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 119 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     С.Қуашбаев

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Қ.Ержан

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2012 жылғы
7 желтоқсандағы № 9/82-V
шешіміне қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Р/с

Су пайдаланудың арнайы түрлері

Төлемақы ставкалары

1.

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (тиын/текше метр)

12,16

2.

Өнеркәсіп, жылу энергетиканы қоса есептегенде (тиын/текше метр)

45,92

3.

Ауыл шаруашылығы (тиын/текше метр)

1,91

4.

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылығы (тиын/текше метр)

10,18

5.

Су энергетика, (тиын/киловатт сағат)

2,84

6.

Су көлігі, (тиын/тонна шақырым)

0,87