О присвоении наименований улицам станций Бухтарма, Селезневка и села Сажаевка поселка Октябрьский Зыряновского района Восточно-Казахстанской области

Решение акима поселка Октябрьский Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 07 июня 2012 года N 1. Зарегистрировано управлением юстиции Зыряновского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 20 июня 2012 года за N 5-12-147

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация. 

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» и с учетом мнения населения станции Бухтарма, Селезневка, села Сажаевка аким поселка Октябрьский РЕШИЛ:
      1. Присвоить наименования:
      Железнодорожная - безымянной улице станции Бухтарма, расположенной вдоль республиканской трассы Усть-Каменогорск – Рахмановские Ключи с левой стороны;
      Береговая - безымянной улице станции Бухтарма, расположенной с правой стороны республиканской трассы Усть-Каменогорск – Рахмановские Ключи;
      Рыбозаводская - безымянной улице станции Бухтарма, расположенной вдоль бывшего рыбзавода;
      Железнодорожная - безымянной улице станции Селезневка, расположенной параллельно республиканской трассе Усть-Каменогорск – Рахмановские Ключи;
      Подгорная - безымянной улице села Сажаевка, расположенной вдоль республиканской трассы Усть-Каменогорск – Рахмановские Ключи с левой стороны;
      Береговая - безымянной улице села Сажаевка, расположенной с правой стороны республиканской трассы Усть-Каменогорск – Рахмановские Ключи.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким поселка Октябрьский                   С. Феклистов

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Октябрьск кенті Бұқтырма, Селезневка бекеттеріндегі және Сажаевка ауылындағы көшелерге атау беру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Октябрь кенті әкімінің 2012 жылғы 07 маусымдағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 маусымда N 5-12-147 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Бұқтырма, Селезневка бекеттерінің және Сажаевка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Октябрьск кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жол бойындағы Бұқтырма бекетінің сол жағында орналасқан атауы жоқ көшеге – Железнодорожная;
      Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолындағы Бұқтырма бекетінің оң жағында орналасқан атауы жоқ көшеге – Береговая;
      Бұрынғы балық зауытының бойындағы Бұқтырма бекетінде орналасқан аты жоқ көшеге – Рыбозаводская;
      Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолына қатар орналасқан Селезневка бекетіндегі атауы жоқ көшеге – Железнодорожная;
      Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолы бойындағы Сажаевка ауылының сол жағында орналасқан атауы жоқ көшеге – Подгорная;
      Өскемен - Рахмановские ключи республикалық жолының оң жағында орналасқан Сажаевка ауылындағы атауы жоқ көшеге – Береговая атаулары берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Октябрь кентінің әкімі                     С. Феклистов