Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по Чингирлаускому району

Постановление акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 28 марта 2012 года № 57. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 25 апреля 2012 года № 7-13-152. Утратило силу - постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 31 января 2013 года № 28

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 31.01.2013 № 28

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения", исходя из ситуации на рынке труда и бюджетных средств, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам населения по Чингирлаускому району согласно приложению.
      2. Государственному учреждению "Чингирлауский районный отдел занятости и социальных программ" обеспечить меры по содействию в занятости целевым группам.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Айтмухамбетова К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района                      А. Халелов

Приложение
к постановлению акимата
Чингирлауского района
от 28 марта 2012 года № 57

Дополнительный перечень лиц,
относящихся к целевым группам населения
по Чингирлаускому району

      1. Лица, не работавшие более одного года;
      2. Лица, старше 50 (пятидесяти) лет;
      3. Выпускники учебных заведений начального, среднего и высшего профессинального образования;
      4. Молодежь не имеющая опыта и стажа работы по полученной специальности;
      5. Лица, окончившие обучение по направлению уполномоченного органа.

Шыңғырлау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 57 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 сәуірде № 7-13-152 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013.01.31 № 28 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                            А. Халелов

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 57 қаулысына
қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша халықтың нысаналы
топтарға жататын тұлғалардың қосымша
тізбесі

      1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
      2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
      3. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері;
      4. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар;
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.