О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 "Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 сентября 2013 года № 580. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 25 октября 2013 года № 8850. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года № 939

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 18.11.2015 № 939 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях повышения качества организации проведения медицинского освидетельствования в органах внутренних дел, а так же в соответствии со статьей 60 Кодекса «О здоровье народа и системе здравоохранения» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 «Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 23 августа 2010 года № 6407, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан от 25 ноября 2010 г. № 15) следующие изменения и дополнения:
      в Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел, утвержденной указанным приказом:
      в пункте 6:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      «6. Освидетельствование лиц проводится врачами-специалистами ВВК органов внутренних дел: офтальмологом, отоларингологом, неврологом, хирургом, терапевтом, психиатром, дерматовенерологом, стоматологом, женщин дополнительно-гинекологом»;
      подпункт 2) пункта 9 изложить в следующей редакции:
      «2) справки о состоянии на диспансерном учете из психоневрологических, наркологических, кожно-венерологических, противотуберкулезных диспансеров сроком давности не более 3-х месяцев»;
      пункт 22 изложить в следующей редакции:
      «Справка о медицинском освидетельствовании оформляется в ВВК не позднее 3-х рабочих дней с момента вынесения заключения и выдается работнику кадровой службы с отметкой на титульном листе акта медицинского освидетельствования (дата, роспись, разборчиво фамилия, номер служебного удостоверения).
      Освидетельствование лиц поступающих на службу в правоохранительные органы, в тех случаях, когда для вынесения заключений о категории годности не требуется стационарное и дополнительное обследование, проводится в течение 5-и рабочих дней»;
      часть третью пункта 25 изложить в следующей редакции:
      «Лица рядового и начальствующего состава правоохранительных органов, поступающие на очную форму обучения, предоставляют медицинские карты амбулаторного больного с данными медицинских наблюдений не менее чем за три года»;
      часть третью пункта 50 исключить;
      пункт 65 изложить в следующей редакции:
      «65. На лиц рядового и начальствующего состава правоохранительных органов, освидетельствуемых по пунктам Требований, предусматривающим индивидуальную оценку годности к службе, ВВК выносит заключение в одной из формулировок:
      1) «годен к службе вне строя в мирное время, ограниченно годен первой степени в военное время»;
      2) «не годен к воинской службе в мирное время, ограниченно годен второй степени в военное время».
      В случае, если у лица рядового и начальствующего состава правоохранительных органов диагностируется несколько заболеваний, отягощающих друг друга (на основании трех и более приложений Требований), предусматривающих категорию годности к службе «В инд», ВВК выносит заключение по совокупности заболеваний «годен к службе вне строя в мирное время, ограниченно годен первой степени в военное время»;
      часть седьмую пункта 142 изложить в следующей редакции:
      «Справка о медицинском освидетельствовании оформляется в ВВК в течении 3-х рабочих дней со дня регистрации заключения в книге протоколов заседаний и действительна для лиц рядового и начальствующего состава правоохранительных органов и для поступающих на службу в правоохранительные органы в течение 6-и месяцев»;
      пункт 145 исключить.
      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора Куренбекова А.Ж. и Департамент тыла Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Нургазин Н.К.).
      3. Департаменту тыла Министерства внутренних дел (Нургазин Н.К.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      генерал-лейтенант полиции                  К. Касымов

      «Согласовано»
      Министр здравоохранения
      Республики Казахстан
      _________________ С. Каирбекова

"Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 580 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қазанда № 8850 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істері министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істері министрінің 18.11.2015 № 939 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 23 тамызда № 6407 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
      6-тармақта:
      бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Адамдарды куәландыруды ішкі істер органдары ӘДК дәрігер-мамандары: офтальмолог, отоларинголог, невролог, хирург, терапевт, психиатр, дерматовенеролог, стоматолог, әйелдер үшін қосымша - гинеколог жүргізеді»;
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ескіру мерзімі 3 айдан көп емес психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы күрес диспансерлерден диспансерлік есепте тұрғаны туралы анықтамалар»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Медициналық куәландыру туралы анықтама ӘДК-де қорытынды шығарылған сәттен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ресiмделедi және медициналық куәландыру актiсiнiң титул парағына белгi (күнi, қолы, тегi анық жазылып, қызметтiк куәлік нөмірі) қойылып, кадр аппаратының қызметкерiне берiледi.
      Жарамдылық санаты туралы қорытындылар шығару үшін стационарлық және қосымша тексеру талап етілмейтін жағдайларда құқық қорғау органдарына қызметке түсетін адамдарды куәландыру 5 жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі»;
      25-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Күндiзгi оқыту нысанына түсетiн құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары кемінде үш жыл бұрынғы медициналық тексеріс деректері бар амбулаторлық науқастың медициналық картасын ұсынады»;
      50-тармақтың үшінші бөлімі алынып тасталсын;
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      65. Талаптардың қызметке жарамдылықты жеке бағалауды көздейтін тармақтары бойынша куәландырушы құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ӘДК мына тұжырымдардың бірінде қорытынды шығарады:
      1) «бейбіт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында бірінші дәрежелі шектеулі жарамды»;
      2) «бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында екінші дәрежелі шектеулі жарамды».
      «Егер құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары бірін-бірі ауырлататын (Талаптардың үш және одан көп қосымшалары негізінде), қызметке жарамдылығы «Жеке тәртіппен» санатын көздейтін бірнеше ауру анықталған жағдайда, ӘДК аурулардың жиынтығы бойынша «бейбіт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында жарамдылығы бірінші сатыдағы шектеулі» қорытындысын шығарады»;
      142-тармақтың жетінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Медициналық куәландыру туралы анықтама қорытынды отырыстар хаттамаларын тіркеу кітабында тіркелген күннен бастап ӘДК-де 3 жұмыс күні мерзімінде ресімделеді және құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдары мен құқық қорғау органдарына қызметке түсетіндер үшін 6 ай ішінде жарамды»;
      145-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Н.Қ. Нұрғазин) жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тыл департаменті (Н.Қ. Нұрғазин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      _________________ С. Қайырбекова