Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений

Приказ и.о. Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 398-Ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 февраля 2014 года № 9131. Утратил силу приказом Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 27 июня 2014 года № 240-Ө

      Сноска. Утратил силу приказом Министра окружающей среды и водных ресурсов РК от 27.06.2014 № 240-Ө (порядок введения в действия см. п. 3).

      В соответствие с подпунктом 29) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Требования к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений.
      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:
      1) государственной регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Е. Нысанбаев

Утверждены           
Приказом и.о. Министра       
окружающей среды       
и водных ресурсов      
Республики Казахстан     
от 31 декабря 2013 года № 398-Ө

Требования к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений

1. Общие положения

      1. Настоящие требования к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений (далее - Требования) разработаны в соответствии с подпунктом 29) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира».
      2. В Требованиях используются следующие определения:
      1) рыбозащитное устройство (далее - РЗУ) - устройство для предотвращения попадания рыбных ресурсов и других водных животных в водозаборные и гидротехнические сооружения;
      2) водозаборное сооружение - комплекс сооружений и устройств для забора воды из водных объектов;
      3) уполномоченный орган - уполномоченный государственный орган в области охраны, воспроизводства и использования животного мира - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, а также в пределах своих полномочий межотраслевую координацию.
      3. Главные требования к РЗУ:
      эффективная рыбозащита;
      гарантированный (бесперебойный) пропуск воды;
      надежность действия при доступных средствах эксплуатации (простота конструкции, автоматическое действие).
      4. Строительство и эксплуатация водозаборных сооружений расположенных на рыбохозяйственных водоемах без РЗУ не допускаются.

2. Требования к проектированию РЗУ водозаборных сооружений

      5. При проектировании РЗУ соблюдаются требования СНиП 2.06.07-87 «Подпорные стены, судоходные шлюзы, рыбопропускные и рыбозащитные сооружения» (далее - СНиП).
      6. Проектирование РЗУ также выполняется на основании научных исследований и проектно-изыскательских работ.

3. Требования к эксплуатации РЗУ водозаборных сооружений

      7. К эксплуатации допускаются РЗУ, установка которых согласована с территориальным подразделением уполномоченного органа.
      В согласовании указываются тип РЗУ и его технические характеристики.
      8. Эксплуатация РЗУ проводится в соответствии СНиП.
      9. При выявлении недостаточной эффективности РЗУ эксплуатирующей организацией составляется план реконструкции, согласованный с территориальным подразделением уполномоченного органа. Реконструкция осуществляется на основании научных исследований и рекомендаций.
      10. Не допускается установка одного типа РЗУ на другой без согласования с территориальными подразделениями уполномоченного органа.
      11. РЗУ должны соответствовать своим техническим характеристикам и иметь в исправном рабочем состоянии все конструктивные узлы и элементы.
      12. Эффективность РЗУ определяется согласно СНиП.

Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 398-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 05 ақпанда № 9131 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 240-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 № 240-Ө бұйрығымен.

      2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және
су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                              Е. Нысанбаев

Қазақстан Республикасының    
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 398-ө бұйрығымен        
Бекітілген           

Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын
талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары (бұдан әрі - Талаптар) 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Талаптар да келесі анықтамалар қолданылады:
      1) балық қорғайтын құрылғы (бұдан әрі - БҚҚ) - балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы;
      2) су тарту құрылғысы - су объектілерінен су тартуға арналған құрылғылар кешені;
      3) уәкілетті орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      3. БҚҚ қойылатын басты талаптар:
      тиімді балық қорғау;
      суды кепілді (үздіксіз) жіберу;
      пайдаланудың қол жетімді құралдарында сенімді әсер ету (конструкцияның қарапайымдылығы, автоматтық әрекет).
      4. Балық шаруашылығы су айдындарында орналасқан су тарту
құрылғыларын БҚҚ-сыз құру және пайдалану жіберілмейді.

2. Су бөгеттері үшін балық қорғау құрылғыларын жобалауға
қойылатын талаптар

      5. БҚҚ жобалау кезінде ҚШжЕ 2.06.07-87 «Тіреуіш қабырғалар, кеме қатынасты шлюздері, балық қорғау және былық жіберу құрылғылары» (бұдан әрі - ҚШжЕ) талаптары сақталуы қажет.
      6. БҚҚ жобалау сондай-ақ ғылыми зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстары негізінде орындалады.

3. Бөгеттердегі пайдаланылатын БҚҚ қойылатын талаптар

      7. Орнатуы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген БҚҚ ғана пайдалануға жіберіледі.
      Келісімде БҚҚ түрі және оның техникалық сипаттамалары көрсетіледі.
      8. БҚҚ пайдалану ҚШжЕ сәйкес жүргізіледі.
      9. БҚҚ жеткіліксіз тиімділігі анықталған кезде пайдаланушы ұйыммен өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген құрылыс жобасы құрастырылады. Құрылысты қайта жобалау ғылыми зерттеулер мен ұсыныстар негізінде жүзеге асырылады.
      10. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімісіз БҚҚ қондырғының бір түрінен екінші түріне рұқсат етілмейді.
      11. БҚҚ өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес және барлық құрылыстық тораптары мен элементтері жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек.
      12. БҚҚ тиімділігі ҚШжЕ сәйкес анықталады.