О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 13 декабря 2012 года № 158-1828 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2013 году"

Постановление акимата города Астаны от 22 октября 2013 года № 158-1797. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 13 ноября 2013 года № 790. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 11 декабря 2013 года № 158-2106

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 11.12.2013 № 158-2106 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 7, пунктом 1 статьи 20 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 13 декабря 2012 года № 158-1828 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2013 году» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 4 января 2013 года № 759, опубликовано в газетах «Астана ақшамы» от 5 января 2013 года № 2 и «Вечерняя Астана» от 5 января 2013 года № 2) следующие изменения:
      по всему тексту постановления и в приложении к вышеуказанному постановлению слова «и учащейся молодежи» исключить.
      2. Руководителю Государственного учреждения «Управление занятости и социальных программ города Астаны» обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, размещение на интернет-ресурсе акимата города Астаны.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Балаеву А.Г.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Аким                                       И. Тасмагамбетов

"2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 158-1797 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 790 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 11.12.2013 № 158-2106 (алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 4 қаңтарда № 759 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Астана ақшамы», 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулының барлық мәтіні бойынша және жоғарыда аталған қаулыға қосымшадағы «мен оқитын жастар үшiн», «мен оқитын жастардың» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов