О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2014 год

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 24 декабря 2013 года № 5С-25/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 20 января 2014 года № 3971. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 22 октября 2014 года № 5С-32/7

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 22.10.2014 № 5С-32/7 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2014 год в виде:
      1) подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата                       С.Сабыров

      Секретарь
      городского маслихата                       Г.Копеева

      «СОГЛАСОВАНО»

      Исполняющий обязанности
      акима города Степногорска                  А.Кумпекеев

Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 3971 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.10.2014 № 5С-32/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларының түрлері ұсынылсын:
      1) жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Сабыров

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ.Көпеева

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Степногорск қаласы
      әкімінің міндетін атқарушы                 Ә.Күмпекеев