Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность

Постановление Кобдинского районного акимата Актюбинской области от 25 ноября 2013 года № 210. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 11 декабря 2013 года № 3713. Утратило силу постановлением акимата Кобдинского района Актюбинской области от 28 января 2014 года № 10

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кобдинского района Актюбинской области от 28.01.2014 № 10.

      В соответствии с подпунктом 22) статьи 18 и статьей 31 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе», статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить согласно приложению Правила использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Б. Кулова.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима района                                  Б. Кулов

Приложение
к постановлению акимата района
от 25 ноября 2013 года № 210

Правила использования безнадзорных животных, поступивших
в коммунальную собственность

1. Общие правила

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» и определяют порядок использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность.
      2. Безнадзорные животные поступают в районную коммунальную собственность при отказе задержавшего лица от их приобретения в собственность в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

2. Использование животных поступивших в районную коммунальную собственность

      3. Для дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, производится их занесение в перечень районного коммунального имущества и оценка. После осуществления оценки, животные на основании постановления акимата района закрепляются на баланс аппаратов соответствующих акимов. Работы по занесению в перечень и оценке, а также принятие на баланс производится в порядке определяемом Правительством Республики Казахстан, на основе акта приема-передачи.
      4. Расходы по учету, оценке, продаже животных осуществляются за счет средств местного бюджета.
      5. Животные, поступившие в районную коммунальную собственность, закрепляются для временного содержания за физическими или юридическими лицами, определяемыми местным исполнительным органом на основе договора заключенного с государственным учреждением «Кобдинский районный отдел финансов» (далее – отдел финансов).
      6. При определении лиц, у которых будут временно содержаться животные, в обязательном порядке должны быть учтены необходимые условия для содержания животных (наличие специальных помещений для животных, оборудования для удовлетворения их естественных потребностей, опыт ухода за ними).
      7. Физическое или юридическое лицо, которому были переданы животные на содержание и в пользование, отвечают за гибель и порчу животных лишь при наличии вины и в пределах стоимости этих животных.
      8. Ветеринарный контроль и мероприятия по вакцинации против инфекционных заболеваний животных, поступивших в районную коммунальную собственность, осуществляется под надзором государственного учреждения «Кобдинский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии». Расходы по ветеринарному контролю и вакцинации финансируются за счет средств местного бюджета.
      9. Животные, поступившие в районную коммунальную собственность, используются одним из следующих способов:
      1) безвозмездная передача на баланс государственных юридических лиц, имеющих подсобные хозяйства;
      2) продажа через аукцион;
      3) продажа через торговые организации.
      10. Способ дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, в каждом конкретном случае решает комиссия, созданная постановлением акимата района (далее – комиссия) в течении срока временного содержания. Решение комиссии оформляется протоколом.

3. Порядок возврата животных прежнему собственнику

      11. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в районную коммунальную собственность, прежний собственник вправе при наличии правоустанавливающих документов на животных и обстоятельств, свидетельствующих о принадлежности ему данных животных, или жестоком либо ином ненадлежащем обращении с ними нового собственника, требовать их возврата ему на условиях, определяемых по соглашению с соответствующим местным исполнительным органом района, а так же в судебном порядке.
      12. Возврат животных осуществляется после возмещения прежним собственником расходов в доход местного бюджета, связанных с их содержанием.
      13. В случае, если животные проданы до поступления заявления об их возврате от прежнего собственника, выручка от продажи животных или их стоимость возмещается за счет средств местного бюджета прежнему собственнику. При этом вычитывается объем финансовых средств, связанных с содержанием и пользованием животных.
      14. Возврат животных или возмещение стоимости оформляется договором, заключаемым между прежним собственником и отделом финансов.

4. Заключительные положения

      15. Средства от продажи животных, в порядке определяемом законодательством полностью засчитываются в доход местного бюджета.

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 210 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 3713 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 28.01.2014 № 10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Құловқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                              Б. Құлов

Аудан әкiмдігінің
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 210 қаулысына қосымша

Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған
жануарларды пайдалану Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Қараусыз қалған жануарлар аудандық коммуналдық меншікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес оларды ұстап алған адамдардың өз меншігіне алудан бас тартқан жағдайда қабылданады.

2. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану

      3. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізіп, есепке алу және бағалау жүргізіледі. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысымен тиісті әкім қабылдау-беру актісі негізінде аппаратының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Есепке алу және бағалау, сонымен қатар теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Аудандық коммуналдық меншiкке келіп түскен жануарлар оларды уақытша күтiмге алу үшiн жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға «Қобда аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қаржы бөлімі) келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi.
      6. Жануарларды уақытша күтiмге алатын тұлғаларды анықтау кезiнде мiндеттi түрде жануарларды күтімге алу үшiн қажеттi жағдайы (жануарлар үшін арнайы орын-жайы, табиғи қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған жабдықтары, оларға күтім жасау тәжірибесі) болуы ескерілуі қажет.
      7. Жануарларды бағу мен пайдалануға берiлген жеке немесе заңды тұлғалар, жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.
      8. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары «Қобда аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.
      9. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз қалған жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:
      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;
      2) аукцион арқылы сату;
      3) сауда ұйымдары арқылы сату.
      10. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - комиссия) жануарлар уақытша күтімге берілген мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

3. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртібі

      11. Жануарлар аудандық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесi жануарларға құқық белгілейтін құжаттары және осы жануарлардың оған тиесілілігі туралы, немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде - тиісті жергілікті атқарушы органымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттары бойынша, сонымен қатар сот тәртібімен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
      12. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.
      13. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.
      14. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм – шартпен рәсiмделедi.

4. Қорытынды ережелер

      15. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.