Об утверждении Правил поступления и спользования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Постановление акимата Талгарского района Алматинской области от 23 декабря 2013 года N 12-967. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 24 января 2014 года N 2562

      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 22) статьи 18 и со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 01 марта 2011 года "О государственном имуществе", подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 апреля 2011 года N 49-р "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 01 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Талгарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Джумагулову Талгату Джапашовичу.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Р. Садыкова

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
      учреждения "Отдел ветеринарии
      Талгарского района"                        Арынбаев Марат Жаманкулович
      23 декабря 2013 года

      Руководитель государственного
      учреждения "Талгарский районный
      финансовый отдел"                          Манамуратов Канат Манамуратович
      23 декабря 2013 года

Утверждены постановлением
акимата Талгарского района
от 23 декабря 2013 года
N 12-967

Правила поступления и использования безнадзорных животных,
поступивших в коммунальную собственность

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и определяют порядок поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность.
      2. При отказе лица от приобретения в собственность содержащихся у него животных, в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, они поступают в районную коммунальную собственность и используются в соответствии с настоящими Правилами.

2. Порядок поступления животных в районную коммунальную
собственность

      3. Поступление безнадзорных животных в районную коммунальную собственность осуществляется на основании акта приема - передачи. В акте приема-передачи в обязательном порядке должны быть указаны вид, пол, масть, возраст животных, поступающих в районную коммунальную собственность. Акт приема-передачи составляется при участии лица, передающего животных, акима поселка, сельского округа (далее - аким), ответственных сотрудников государственного учреждения "Отдел ветеринарии Талгарского района" и государственного учреждения "Талгарский районный финансовый отдел" (далее - отдел финансов). Акт приема - передачи утверждается руководителем отдела финансов.
      4. Принятие на баланс производится после осуществления оценки животных на основании акта приема-передачи согласно приказу Министра финансов Республики Казахстан от 3 августа 2010 года N 393 "Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях".

3. Оценка, учет и закрепление животных

      5. Для дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, производится их занесение в перечень районного коммунального имущества и оценка (переоценка). Работы по занесению в перечень и оценке (переоценке) осуществляет отдел финансов в порядке определяемом законодательством Республики Казахстан.
      6. После осуществления оценки животные на основании постановления акимата района закрепляются на баланс аппаратов соответствующих акимов. Принятие на баланс производится в порядке определяемом Правительством Республики Казахстан, на основе акта приема - передачи.

4. Порядок использование животных поступивших в районную
коммунальную собственность

      7. Животные, поступившие в районную коммунальную собственность, используются одним из следующих способов:
      1) безвозмездная передача на баланс государственных юридических лиц, имеющих подсобные хозяйства;
      2) продажа через аукцион;
      3) продажа через торговые организации;
      4) безвозмездная передача специализированным местам защиты животных (за исключением сельскохозяйственных животных и домашних птиц) или отдельным лицам.
      8. Способ дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, в каждом конкретном случае решает постоянная комиссия, созданная постановлением акимата района.

5. Порядок возврата животных прежнему собственнику

      9. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в районную коммунальную собственность прежний собственник вправе при наличии обстоятельств, свидетельствующих о сохранении к нему привязанности со стороны этих животных или жестоком либо ином ненадлежащем обращении с ними нового собственника, требовать их возврата ему на условиях, определяемых по соглашению с соответствующим местным исполнительным органом, а при недостижении согласия - в судебном порядке.
      10. Возврат животных осуществляется после возмещения прежним собственником расходов в доход местного бюджета, связанных с их содержанием.
      11. В случае, если животные проданы до поступления заявления об их возврате от прежнего собственника, выручка от продажи животных или их стоимость возмещается за счет средств местного бюджета прежнему собственнику. При этом вычитывается объем финансовых средств, связанных с содержанием животных.
      12. Возврат животных или возмещение стоимости оформляется договором, заключаемым между прежним собственником и отделом экономики и финансов.

6. Заключение

      13. Отношения, не урегулированные настоящими правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысы Талғар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы N 12-967 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 24 қаңтарда N 2562 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Өкіміне сәйкес Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Джумагулов Талғат Джапашұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Садыкова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талғар ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Арынбаев Марат Жаманкулович
      23 желтоқсан 2013 жыл

      "Талғар аудандық қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Манамуратов Қанат Манамуратович
      23 желтоқсан 2013 жыл

Талғар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
N 12-967 қаулысымен бекітілген

Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды
келіп түсу және пайдалану Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсу
тәртібі

      3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде аудандық коммуналдық меншікке түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, селолық округ әкімі (бұдан әрі- әкім), "Талғар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Талғар аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.
      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

      5. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды аудандық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
      6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды аудандық әкiмдiктiң қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарларды
пайдалану тәртібі

      7. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;
      2) аукцион арқылы сату;
      3) сауда ұйымдары арқылы сату;
      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
      8. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.

5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

      9. Жануарлар аудандық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
      10. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды күтімге алуға байланысты шығыстарды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
      11. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл ретте жануарларды бағуға байланысты қаржының көлемі шегеріледі.
      12. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен ресімделеді.

6. Қорытынды

      13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.