Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2013 год

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 4 мая 2013 года N 17/03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 30 мая 2013 года N 2338

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях оказания содействия занятости лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, нуждающихся в трудоустройстве, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2013 год в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Бухар-Жырауского района" (Алексеева Н.Г.) оказать содействие в трудоустройстве.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким района
Ш. Мамалинов

      

2013 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 мамырдағы N 17/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 мамырда N 2338 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева) жұмысқа орналастыруына жәрдем жасасын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов