Об оказании единовременной материальной помощи

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 09 апреля 2013 года N 16/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 03 мая 2013 года за N 4440. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 20 июня 2013 года N 18/4

      Сноска. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 20.06.2013 N 18/4.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Законом Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года "О специальном государственном пособии в Республике Казахстан" Шиелийский районный маслихат РЕШИЛИ:
      1. Оказать единовременную материальную помощь до 31 мая 2013 года:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны: не
вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне; бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере 68000 (шестьдесят восемь тысяч) тенге;
      2) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за
самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы
Великой Отечественной войны в размере 25000 (двадцать пять тысяч) тенге.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти
календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата               П. Маханбет

      Секретарь
      районного маслихата               А. Оразбекулы

Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 09 сәуірдегі N 16/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 мамырда N 4440 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы N 18/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 20.06.2013 N 18/4 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. 2013 жылдың 31 мамырына дейін біржолғы материалдық көмек
көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған,хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеде тұрмаған жесірлеріне; екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 68000 (алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                             П. Маханбет

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                     Ә. Оразбекұлы