О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 10 июля 2012 года № 189 "О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 17 апреля 2013 года N 129. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 17 мая 2013 года N 2290. Утратило силу постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 334

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 24.12.2019 № 334 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 10 июля 2012 года № 189 "О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1808, опубликовано 7 августа 2012 года в газете "Северный Казахстан") следующее изменение:

      Правила поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Северо-Казахстанской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области С. Ескендиров
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник Департамента
      внутренних дел
      Северо-Казахстанской области М. Урумханов

  Приложение
к постановлению акимата
Северо-Казахстанской области
от 17 апреля 2013 года № 129
Утверждены
постановлением акимата
Северо-Казахстанской области
от 10 июля 2012 года № 189

Правила
поощрений граждан, участвующих в обеспечении
общественного порядка

      Настоящие Правила определяют вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка.

      1. Вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка рассматриваются Областной комиссией по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка (далее – Комиссия).

      2. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Департамент внутренних дел Северо-Казахстанской области" (далее – ДВД СКО).

      3. Основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией.

      4. Вид поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка.

      5. Для выплаты денежного вознаграждения и приобретения ценного подарка дополнительно издается приказ начальника ДВД СКО согласно решению, принятому Комиссией.

      6. Выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ДВД СКО за счет средств областного бюджета.

      7. Средства на выплату поощрений предусматриваются из областного бюджета, бюджетной программой ДВД СКО 252 003 "Поощрение граждан, участвующих в охране общественного порядка".

      8. Вручение почетной грамоты акима Северо-Казахстанской области, благодарственного письма акима Северо-Казахстанской области, денежного вознаграждения, ценного подарка гражданам за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ДВД СКО в торжественной обстановке.

"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі N 129 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда N 2290 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 334 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 24.12.2019 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1808 тіркелді, 2012 жылғы 7 тамыз "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Ескендіров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Солтүстік Қазақстан облысы
      ішкі істер департаментінің бастығы М. Ұрұмханов

  Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2013 жылғы
17 сәуірдегі № 129 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы
10 шілдедегі № 189 қаулысымен
бекітілді

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу
қағидасы

      Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – СҚО ІІД) енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша СҚО ІІД бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. СҚО ІІД ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджетте, СҚО ІІД 252 003 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасын, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар беруді СҚО ІІД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.