Об организации и обеспечении на территории города Петропавловска приписки и медицинского освидетельствования граждан мужского пола Республики Казахстан с января по март 2014 года

Решение акима города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 6 декабря 2013 года N 19. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 12 декабря 2013 года N 2427

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 859 «Об утверждении Правил ведения воинского учета военнообязанных и призывников», аким города РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить приписку и медицинское освидетельствование граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку государственного учреждения «Управление по делам обороны города Петропавловска Северо-Казахстанской области» (по согласованию), с января по март 2014 года.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города Балло Е.С.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Аким города                          Т. Закарьянов

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник государственного
      учреждения «Управление по делам
      обороны города Петропавловска
      Северо-Казахстанской области»        Д. Габдуллин

Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2014 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейiн Петропавл қаласы аумағында тiркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы N 19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 желтоқсанда N 2427 болып тіркелді

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес қала әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2014 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық тексеру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.С. Баллоға жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғашқы рет жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Т. Закариянов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының
      Қорғаныс істері жөніндегі
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Д. Ғабдуллин
      6 желтоқсан 2013 жыл