О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Постановление акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 21 января 2013 года N 12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 февраля 2013 года N 2190. Утратило силу постановлением акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12 ноября 2013 года N 270

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12.11.2013 N 270

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об участии граждан в обеспечении общественного порядка», акимат Аккайынского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить виды и размеры поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка согласно приложению.
      2. Утвердить прилагаемые Правила поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области Сабралина С.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Р. Елубаев

      «СОГЛАСОВАНО»

      Начальник отдела внутренних
      дел Аккайынского района
      департамента внутренних дел
      Северо-Казахстанской области               С. Сахатов
      21 января 2013 г.

Приложение
к постановлению акимата Аккайынского района
от 21 января 2013 года № 12

Виды и размеры поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

      1. Благодарственное письмо акима Аккайынского района.
      2. Денежное вознаграждение в размере, не превышающем 10-кратного месячного расчетного показателя.
      3. Ценный подарок в стоимости, не превышающий 10-кратного месячного расчетного показателя.

Утверждены
постановлением акимата Аккайынского района
от 21 января 2013 года № 12

Правила поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

      Настоящие Правила определяют порядок поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка.
      1. Вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка (далее – Комиссия).
      2. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением «Отдел внутренних дел Аккайынского района департамента внутренних дел Северо-Казахстанской области» (далее – ОВД Аккайынского района ДВД СКО).
      3. Основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией.
      4. Вид поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка.
      5. Для выплаты денежного вознаграждения и приобретения ценного подарка дополнительно издается приказ начальника ОВД Аккайынского района ДВД СКО согласно решению, принятому Комиссией.
      6. Выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ОВД Аккайынского района ДВД СКО за счет средств областного бюджета.
      7. Средства на выплату поощрений предусматриваются из областного бюджета, бюджетной программой Департамента внутренних дел Северо-Казахстанской области 252 003 «Поощрение граждан, участвующих в охране общественного порядка».
      8. Вручение благодарственного письма акима Аккайынского района, денежного вознаграждения, ценного подарка гражданам за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ОВД Аккайынского района ДВД СКО в торжественной обстановке.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы N 12 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 ақпанда N 2190 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы N 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 12.11.2013 N 270 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңы 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға келісті қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi айқындалсын.
      2. Қоса берiлген Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ә. Сабралинға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Р. Елубаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Солтүстік Қазақстан облысының
      ішкі істер департаменті Аққайың
      ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы     С. Сахатов
      2013 ж. 21 қаңтар

Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
Қосымша

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi

      1. Аққайың ауданы әкiмiнiң Алғыс хаты.
      2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
      3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысымен бекiтiлдi

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы

      Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi Аққайың ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ) енгiзедi.
      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
      4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.
      6. СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.
      7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.
      8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Аққайың ауданы әкiмiнiң Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.