О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты

Решение Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 28 марта 2013 года № 79. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 22 апреля 2013 года № 2711. Утратило силу решением Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 12 февраля 2014 года № 179

      Сноска. Утратило силу решением Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 12.02.2014 № 179.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" и рассмотрев постановление районного акимата от 14 декабря 2012 года № 488 "Об утверждении назначения, финансирования выплаты и финансирования, мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты следующие меры социальной поддержки:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии районного маслихата по вопросам экономики и бюджета (Ш. Торбаева).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель очередной 11-сессии
 
районного маслихата
А. Кабенов
Секретарь районного маслихата
А. Курманбаев

      

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 79 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде № 2711 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 ақпандағы № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 12.02.2014 № 179 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 488 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі туралы" қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Ш. Торбаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезекті
 
11-сессиясының төрағасы
А. Қабенов
Аудандық мәслихат хатшысы
А. Құрманбаев