О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 398. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 29 июля 2014 года № 9641. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 500

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 13.05.2016 № 500 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О правоохранительной службе», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести изменения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан по перечню согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации;
      3) размещение на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан Демеуова М.Г. и Департамент кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Абдигалиев А.У.)
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      генерал-лейтенант полиции                  К. Касымов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      ______________ А. Саринжипов
      4 июля 2014 года

Приложение        
к приказу Министра внутренних
дел Республики Казахстан  
от 3 июля 2014 года № 398 

Перечень изменений, которые вносятся в некоторые приказы
      Министра внутренних дел Республики Казахстан

      1. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 26.01.2016 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 13.01.2016 № 24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
            3. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 «Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7032, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 31) следующие изменения:
      в Контракте на подготовку специалистов в организации образования МВД Республики Казахстан, утвержденного указанным приказом:
      подпункт 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «5) на взыскание бюджетных средств, затраченных на обучение, включая выплату стипендий слушателю (курсанту), питание, вещевое довольствие в период обучения и расходы на проезд к месту обучения и обратно в период каникулярных отпусков в случаях досрочного расторжения контракта по фактам отчисления по неуспеваемости, недисциплинированности, собственному желанию, а также в случае отказа проходить службу в органах внутренних дел после окончания учебного заведения или расторжения контракта по основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан;»;
      подпункты 10) и 11) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      «10) в случаях отчисления по неуспеваемости, недисциплинированности, по собственному желанию, а также в случаях досрочного расторжения Контракта по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан «О правоохранительной службе», возместить государству бюджетные средства, затраченные на обучение, выплату стипендии, питание, вещевое довольствие в период его обучения и расходы на проезд к месту обучения и обратно в период каникулярных отпусков. Сумма, подлежащая удержанию, рассчитывается пропорционально за каждый полный месяц нахождения в организации образования;
      11) в случае отказа проходить службу в органах внутренних дел после окончания учебного заведения, а также увольнения по основаниям, предусмотренными подпунктами 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) и 17) статьи 80 Закона Республики Казахстан «О правоохранительной службе» до истечении пяти лет либо досрочного расторжения контракта, возместить государству бюджетные средства, затраченные на обучение включая выплату стипендии, питание, вещевое довольствие в период его обучения и расходы на проезд к месту обучения и обратно в период каникулярных отпусков. Сумма, подлежащая удержанию, рассматривается пропорционально за каждый полный недослуженный месяц до окончания срока контракта.».
      в Правилах заключения, изменения и прекращения Контракта с лицами, поступающими в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования, утвержденных указанным приказом:
      часть первую пункта 8 изложить в следующей редакции:
      «8. В случае отказа слушателя (сотрудника ОВД) от дальнейшего прохождения службы в органах внутренних дел после окончания им организации образования Министерства внутренних дел, правоохранительных органов иностранных государств по направлениям МВД с оплатой обучения за счет бюджетных средств, а также увольнения по основаниям, предусмотренными подпунктам 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) и 17) статьи 80 Закона Республики Казахстан «О правоохранительной службе» до истечении пяти лет, либо досрочного расторжения контракта он возмещает государству бюджетные средства, затраченные на обучение, выплату стипендии, питание, вещевое довольствие в период его обучения и расходы на проезд к месту обучения и обратно в период каникулярных отпусков. Сумма, подлежащая удержанию, рассчитывается пропорционально за каждый полный недослуженный месяц до окончания срока контракта.».

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9641 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.05.2016 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов

       «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ______________ А. Сәрінжіпов
      2014 жылғы 4 шілде

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 14 шілдедегі
№ 398 бұйрығына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.01.2016 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 31 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ-нің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға арналған келісім-шартта:
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығару фактілері бойынша келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, сондай-ақ оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша келісім-шарт бұзылған жағдайда тыңдаушыға (курсантқа) стипендия төлеуді, оқу кезеңінде тамақтануын, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысына шығыстары қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға»;
      5-тармақтың 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығарылған жағдайда, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда оқуға, стипендия төлеуге, оның оқу кезеңінде тамақтануына, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі;
      11) оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5)6)8)9)11)12)12-1)13)14)15)16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануын, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарын қоса алғанда,оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, ұзарту, өзгерту және бұзу ережелерінде:
      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тыңдаушы (ІІО-ның қызметкері) Ішкі істер министрлігінің, бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, ІІМ-нің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін оқуға, стипендия төлеуге, тамақтануға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстауға жататын сома келісшарт мерзімінің аяқталуына дейін қалған қызмет етпеген әрбір айға пропорционалды түрде есептеледі.».