О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 168-ө-м «Об утверждении Правил исчисления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни или здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства»

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 310. Зарегистрирован в Министерстве юстиции 30 декабря 2014 года № 10044

      В соответствии с пунктом 7 Правил осуществления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2011 года № 571, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 мая 2012 года № 168-ө-м «Об утверждении Правил исчисления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни или здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 7706, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 11, 2012 года) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах исчисления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни или здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства, утвержденных указанным приказом:
      пункты 45 изложить в следующей редакции:
      «4. Расчет накопленного уровня роста минимальной заработной платы (МЗПнак) производится путем умножения коэффициентов роста минимальной заработной платы за определенные годы по следующей формуле:

      где МЗПn – размер минимальной заработной платы, установленный Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на 1 января финансового года, следующего за годом признания юридического лица банкротом;
      n – год, следующий за годом признания юридического лица банкротом;
      (n + x) – год обращения за назначением ежемесячной выплаты (перерасчета).
      При этом МЗПнак округляется до трех знаков после запятой. Если четвертый знак равен 5 или больше, то к третьему знаку прибавляется единица.
      5. Ежемесячная выплата (ЕВ) гражданину Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни или здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства, определяется путем умножения размера ежемесячного платежа (РЕП) на МЗПнак:
      ЕВ = РЕП * МЗПнак.»;
      пункт 7 исключить;
      дополнить пунктом 9 следующего содержания:
      «9. Гражданам, являющимся получателями ЕВ по состоянию на 1 января 2015 года, которым размер ЕВ определен с учетом накопленного уровня индекса потребительских цен, перерасчет назначенных сумм ЕВ производится с 1 января 2015 года исходя из расчета накопленного уровня роста минимальной заработной платы.
      При этом повышенный размер ЕВ не может быть ниже размера получаемых текущих ЕВ. В случае, если размер ЕВ, определенный из расчета накопленного уровня роста минимальной заработной платы, ниже текущих ЕВ, то сохраняется текущий размер ЕВ.».
      2. Департаменту социального обеспечения и социального страхования Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.
      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2015 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр                                    Т. Дуйсенова

"Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 желтоқсанда № 10044 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7706 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2012 жылғы № 11 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi есептеу қағидасында:
      45-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖжинақ) белгілі бір жылдардағы ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:

      мұндағы ЕТЖn – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері;
      n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл;
      (n + x) – ай сайынғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл.
      Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.
      5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ), ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖжинаққа көбейту арқылы айқындалады:
      АТ = АСТМ * ЕТЖжинақ
      7-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АТ алушылары болып табылатын, АТ мөлшері тұтыну бағалары индексiнің жинақталған деңгейі ескерiле отырып айқындалған азаматтарға АТ-ның тағайындалған сомаларын қайта есептеу ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебіне байланысты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жүрізіледі.
      Бұл ретте АТ-ның арттырылған мөлшерi алып жүрген ағымдағы АТ мөлшерiнен төмен болмайды. Егер ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебінен айқындалған АТ мөлшері ағымдағы АТ-дан төмен болса, онда АТ-ның ағымдағы мөлшерi сақталады.».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi және ресми жариялауға жатады.

      Министр                                            Т.Дүйсенова