О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 5С-14-7 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе"

Решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 8 июля 2014 года № 5С-32-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 июля 2014 года № 4294. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 13 февраля 2015 года № 5С-40-8

      Сноска. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 13.02.2015 № 5С-40-8 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Астраханского районного маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе» от 29 марта 2013 года № 5С-14-7 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3711, опубликованное 24 мая 2013 года в районной газете «Маяк») следующие изменения:
      В Правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе, утвержденных указанным решением:
      пункт 1 изложить в новой редакции:
      «1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Астраханском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно - допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания) за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности».
      пункт 5 изложить в новой редакции:
      «5. Компенсационные нормы на потребление твердого топлива с местным отоплением установить на семью 5 (пять) тонн на отопительный сезон в квартал обращения. При отсутствии подтверждающих документов о приобретении твердого топлива, стоимость угля принимать усредненную, сложившуюся за предыдущий квартал, согласно статистическим данным».
      подпункт 1) пункта 6 изложить в новой редакции:
      «1) потребление газа – в месяц 4 килограммов на каждого члена семьи»;
      пункт 8 изложить в новой редакции:
      «8. Назначение жилищной помощи производится на текущий квартал, независимо от даты подачи заявления, при этом доходы семьи и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал».
      подпункт 3) пункта 10 изложить в новой редакции:
      «3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских и/или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя»;
      пункт 14 исключить.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии Астраханского
      районного маслихата                        А.Мальков

      Секретарь Астраханского
      районного маслихата                        В.Собеский

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Астраханского района                  Т.Ерсеитов

Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 5С-32-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 шілдеде № 4294 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 5С-40-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.02.2015 № 5С-40-8 (қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 тіркелген, 2013 жылғы 24 мамырда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Тұрғын үй көмегі Астрахан ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен төлеуге ұсынылады:
      1) жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) аз қамтамасыз етілген отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығындары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығындардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығындарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Жергілікті жерде тұрақты тұратын адамдарға бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін анықтайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер ақысын төлеу үшін, құнын төлеуге жеткізушілер ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі».
      5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «5. Жергілікті жылу берілетін меншікті үйлерде тұратын отбасыларына қатты отынды тұтынудың өтемақылық нормасы, өтініш берген тоқсанның от жағу кезеңіне 5 (бес) тонна белгіленсін. Қатты отын сатып алғандығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көмірдің құны статистикалық деректер бойынша, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағамен алынады».
      6-тармақтың 1)-тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «1) газ тұтынуға – отбасының әрбір мүшесіне айына 4 килограмм»;
      8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «8. Тұрғын үй көмегін тағайындау өтініш берілген күніне байланыссыз, ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, сонымен қатар өткен тоқсандағы отбасының кірісі мен коммуналдық қызметтер шығыны есептеледі.»;
      10-тармақтың 3)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «3) өтініш иесінің тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының немесе мекенжайлық анықтамасының немесе селолық және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасының көшірмесін»;
      14-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            В.Мальков

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов