Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году

Решение акима Мартукского района Актюбинской области от 20 ноября 2014 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 24 декабря 2014 года № 4106. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо руководителя аппарата акима Мартукского района Актюбинской области от 02 июля 2015 года № 05-1574)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо руководителя аппарата акима Мартукского района Актюбинской области от 02.07.2015 № 05-1574).
      В соответствии с подпунктом 13 пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 859 "Об утверждении Правил ведения воинского учета военнообязанных и призывников" аким Мартукского района РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить проведение приписки к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Мартукского района Актюбинской области" граждан Республики Казахстан мужского пола 1998 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, а также граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку, проживающих постоянно или временно на территории Мартукского района, в период с января по март 2015 года.
      2. Начальнику государственного учреждения "Отдел по делам обороны Мартукского района Актюбинской области" (по согласованию) принять меры по обеспечению организованного проведения приписки граждан к призывному участку, о результатах приписки информировать акима района к 10 апреля 2015 года.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Кузембаеву Б.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования
      Аким района М. Елеусізов
      СОГЛАСОВАНО
      Начальник отдела по делам
      обороны Мартукского района
      А. Утарбаев
      20 ноября 2014 года

2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 4106 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің аппараты басшысының 2015 жылғы 02 шілдедегі № 05-1574 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің аппараты басшысының 02.07.2015 № 05-1574 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Мәртөк ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Мәртөк ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарын тiркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (келісім бойынша) азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қортындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Елеусізов
      КЕЛІСІЛДІ
      Мәртөк ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      А. Утарбаев
      20 қараша 2014 жылы