О внесении изменений в решение акима Журынского сельского округа от 20 ноября 2008 года №15 "О даче названий улицы станций Тажрибе Журынского аульного округа Мугалжарского района"

Решение акима Журынского сельского округа Мугалжарского района Актюбинской области от 05 декабря 2014 года № 28. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 25 декабря 2014 года № 4117

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года №148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года №121-V «О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений», аким Журынского сельского округа РЕШИЛ:
       1. Внести в решение акима Журынского сельского округа от 20 ноября 2008 года №15 «О даче названий улицы станций Тажрибе Журынского аульного округа Мугалжарского района» (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3-9-78, опубликованное 10 декабря 2008 года в районной газете «Мугалжар») следующие изменения:
      в заголовке и по всему тексту указанного решения на русском языке слова «аульного», «аула», «ауле» заменить соответственно словами «сельского», «села», «селе»;
      в преамбуле решения слова «от 21 января 2005 года №45 «Об Утверждений государственных работ ономастики Республики Казахстан» исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования
 
 

      Аким Журынского сельского округа

Т.Абдирзак

Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 15 "Жұрын ауылдық округіне қарасты Тәжірибе ауылының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 28 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4117 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №15 «Жұрын ауылдық округіне қарасты Тәжірибе ауылының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-78 тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула», «ауле» сөздері тиісінше «сельского», «села», «селе» сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспесіндегі «ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жұрын ауылдық округінің әкімі

Т.Абдірзақ