О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки специалистам сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района в 2015 году

Решение маслихата Темирского района Актюбинской области от 23 декабря 2014 года № 222. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 21 января 2015 года № 4172. Утратило силу решением маслихата Темирского района Актюбинской области от 10 июня 2015 года № 252

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Темирского района Актюбинской области от 10.06.2015 № 252 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" и с учетом потребности в специалистах сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, заявленной акимом района, Темирский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района в 2015 году:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья - бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Решение Темирского районного маслихата от 19 февраля 2014 года № 170 "О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района на 2014 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3791, опубликованное в газете "Темір" 14 марта 2014 года № 13-14) признать утратившим силу.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Председатель сессии
Районного маслихата
Секретарьрайонного маслихата
      Е.БАЛБОСЫНОВ Н.УТЕПОВ

2015 жылы Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды көрсету туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 222 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 4172 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 10.06.2015 № 252 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес және аудан әкімі мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылы Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
      2. Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 170 "2014 жылға арналған Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 тіркелген, 2014 жылғы 14 наурызда "Темір" газетінің № 13-14 жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихаттыңхатшысы
      Е.БАЛБОСЫНОВ Н.ӨТЕПОВ