Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Балхашском районе

Решение Балхашского районного маслихата Алматинской области от 24 ноября 2014 года № 39-168. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 08 декабря 2014 года № 2956. Утратило силу решением Балхашского районного маслихата Алматинской области от 17 июля 2017 года № 20-93

      Сноска. Утратило силу решением Балхашского районного маслихата Алматинской области от 17.07.2017 № 20-93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2014 года № 217 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты населения", Балхашский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) родителей и иных законных представителей детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежеквартально в размере восьми месячных расчетных показателей.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Балхашского района";

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями (далее - получатели);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление, согласно приложению 1 к стандарту государственной услуги "Назначение материального обеспечения детям-инвалидам, обучающимся на дому", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2014 года № 217 (далее - Стандарт);

      документ, удостоверяющий личность получателя;

      документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справку об инвалидности;

      документ о наличии счета в банке;

      справку из учебного заведения, подтверждающую факт обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому, согласно приложению 2 к Стандарту;

      4) возмещение затрат на обучение назначается на один год с момента признания необходимости обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому, указанного в заключении психолого-медико-педагогической консультации и выплачивается ежеквартально за весь указанный период;

      5) в случае первоначального назначения возмещение затрат на обучение выплачивается со дня обращения.

      3. Контроль исполнения настоящего решения возложить на постоянную комиссию "По вопросам занятости, связи с общественными организациями, культуры, образования, законности, здравоохранения и экологии".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

районного маслихата

Секретарь районного

маслихата

Н.Конысбаев


М.Камаубаев


Балқаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 39-168 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 08 желтоқсанда № 2956 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 20-93 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 17.07.2017 № 20-93 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:

      өтінішті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банктегі шоттың болуы туралы құжатты;

      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге тоқсан сайын төленеді.

      5) алғаш тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындары өтiнiш берген күннен бастап төленеді.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы

Нуркен Исатайұлы
Қонысбаев
Марат Сейсенбайұлы
Қамаубаев