Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Постановление акимата Жамбылской области от 29 декабря 2014 года № 368. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 5 февраля 2015 года № 2501

      Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан 27 июля 2007 года «Об образовании», Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 12 декабря 2014 года №143-р «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления» акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила внутреннего распорядка организации образования.
      2. Коммунальному государственному учреждению «Управление образования акимата Жамбылской области» в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе Акимата Жамбылской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Е. Манжуова.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Кокрекбаев

  Утверждены постановлением
акимата Жамбылской области
от 29 декабря 2014 года № 368

Типовые правила внутреннего распорядка организации образования Жамбылской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила внутреннего распорядка организации образования Жамбылской области (далее - Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 24-7) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» и являются основанием для разработки и утверждения правил внутреннего распорядка организации образования.
      2. Типовые правила разработаны в целях обеспечения единых подходов при разработке и утверждении правил внутреннего распорядка организации образования.
      3. С учетом режима деятельности организации образования (круглосуточное пребывание обучающихся и воспитанников, пребывание их в течение определенного времени, сменности учебных занятий и других особенностей работы организации образования) администрацией организации образования устанавливается режим рабочего времени и времени отдыха педагогических и других сотрудников организации образования.
      4. В целях обеспечения внутреннего распорядка администрация организации образования обеспечивает соблюдение сотрудниками, а также обучающимися и воспитанниками организации образования, обязанностей, возложенных на них законодательством Республики Казахстан в области образования и правилами внутреннего распорядка организации образования.

2. Внутренний распорядок организации образования

      5. В правилах внутреннего распорядка организации образования должны предусматриваться:
      взаимодействие администрации организации образования и педагогов с обучающимися и воспитанниками;
      поведение участников учебно-воспитательного процесса;
      условия для получения знаний и сохранения жизни и здоровья обучающихся и воспитанников, охраны прав детей;
      организация повышения профессиональной квалификации сотрудников организации;
      время начала и окончания работы организации образования, перерывы между ними;
      продолжительность учебных занятий обучающихся и воспитанников.
      6. Администрация организации образования обеспечивает доступность и ознакомление сотрудников, обучающихся и воспитанников, а также их родителей или других законных представителей с правилами внутреннего распорядка организации образования.

Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 368 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 2501 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі       К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 368 қаулысымен бекiтiлген

Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
      4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

      5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларында:
      білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.