Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Жамбылской области

Постановление акимата Жамбылской области от 29 декабря 2014 года № 381. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 6 февраля 2015 года № 2507. Утратило силу постановлением Жамбылского областного акимата от 24 ноября 2022 года № 249

      Сноска.Утратило силу постановлением Жамбылского областного акимата от 24.11.2022 № 249 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 12 декабря 2014 года № 143-р "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Жамбылской области.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Абдрайымова К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Кокрекбаев

  Утверждены постановлением
акимата Жамбылской области от
29 декабря 2014 года № 381

Правила

расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Жамбылской области 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Жамбылской области (далее - Правила), разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Жамбылской области.

      2. К коммунальным отходам относятся твердые бытовые отходы и отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, а также отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования.

Порядок расчета норм образования и накопления коммунальных отходов

      3. Нормы образования и накопления коммунальных отходов устанавливаются отдельно для всех объектов жилищного фонда, для нежилых помещений.

      4. Нормы образования и накопления коммунальных отходов определяются для всех видов объектов жилищного фонда и по нежилым, помещениям согласно приложению 1 к Типовым правилам расчета и накопления коммунальных отходов, утвержденных приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года №145 "Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 10030) (далее – Типовые правила).

      5. Определение норм образования и накопления коммунальных отходов производится путем проведения натурных замеров с последующим расчетом объема накопления на расчетную единицу. Контроль за организацией и качеством расчета норм образования и накопления коммунальных отходов осуществляют в пределах своей компетенции соответствующие отделы акиматов городов и районов области.

      6. Для проведения натурных замеров выделяются объекты жилого фонда двух типов с различным уровнем благоустройства:

      1) благоустроенные дома, имеющие водопровод, канализацию, газоснабжение, центральное отопление, мусоропровод;

      2) неблагоустроенные дома с печным отоплением, не имеющие водопровода и канализации.

      7. Для определения норм образования и накопления коммунальных отходов, образующихся от населения, выделяются участки со следующим количеством проживающего населения:

      в городах с населением до 300 тысяч человек участки выбираются с охватом 2% населения общего числа жителей по каждому виду благоустройства;

      в городах с населением от 300 до 500 тысяч человек - 1%;

      в городах с населением более 500 тысяч человек - 0,5% (из них не менее 500 человек по неблагоустроенному сектору).

      8. На выбранные объекты перед проведением замеров представителями соответствующих отделов акиматов городов и районов области совместно с организацией, осуществляющей сбор и вывоз коммунальных отходов, составляются коммунальные паспорта жилищного фонда и нежилых помещений по формам согласно приложению 2 к Типовым правилам.

      9. Для определения объема и массы образованных и накопленных коммунальных отходов применяют мерную линейку и весовое оборудование.

      10. Перед началом замера отходы в контейнере разравниваются и с помощью мерной линейки определяется объем отходов.

      11. Масса накапливающихся отходов определяется путем взвешивания заполненных контейнеров и последующего вычитания массы порожнего контейнера.

      12. В случае, если общий объем образованных и накопленных коммунальных отходов одного участка полностью заполняет кузов специальной техники (мусоровоза) и дальнейшая загрузка с других участков невозможна, допускается определение массы отходов проводить путем взвешивания загруженной и порожней машины на автомобильных весах.

      13. Данные по массе и объему образованных и накопленных коммунальных отходов вносятся в бланк первичных записей по форме согласно приложению 3 к Типовым правилам.

      14. После обработки первичных материалов по замерам, полученные данные (масса, объем) каждого объекта суммируются по дням недели и заносятся в сводную сезонную ведомость образования и накопления коммунальных отходов по форме согласно приложению 4 к Типовым правилам.

      15. После проведения сезонных замеров, данные (масса, объем) вносятся в сводную годовую ведомость образования и накопления коммунальных отходов по форме согласно приложению 5 к Типовым правилам.

      16. Сбор коммунальных отходов, предполагаемых к замеру по определенному объекту, должен исключать смешивание коммунальных отходов от других объектов.

      17. При определении накопления коммунальных отходов используются стандартные контейнеры одинаковой емкости. С целью более полного учета отходов и определения коэффициента неравномерности образования и накопления предусматривается установка дополнительных контейнеров, необходимость установки которых и их количество уточняется при обследовании выбранных участков.

      За сутки до начала замеров все контейнеры должны быть полностью очищены.

      18. Обработка первичных материалов по замерам производится не позднее, чем на следующий день после их проведения.

      19. Расчет норм образования и накопления коммунальных отходов производится согласно приложению 6 к Типовым правилам.

Жамбыл облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 381 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 ақпанда № 2507 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Әбдірайымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 381 қаулысымен бекітілген

Жамбыл облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Жамбыл облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.

      2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

      3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10030 нөмірімен тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалары) 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Облыстың қала және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімдері өз құзыреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.

      6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

      1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;

      2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.

      7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:

      халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;

      халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;

      халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

      8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында облыстың қалалар және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімінің өкілдерімен коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

      9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

      10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.

      11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.

      12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.

      13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.

      14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.

      15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.

      16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.

      17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

      Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.

      18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Үлгілік қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.