О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

Решение Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 17 ноября 2014 года № 35-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 11 декабря 2014 года № 2421. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 30 марта 2020 года № 65-5

      Сноска. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 30.03.2020 № 65-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить социальную помощь на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, в размере пятимесячного расчетного показателя.

      2. Признать утратившим силу решение Кордайского районного маслихата от 21 августа 2013 года № 20-6 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2001, опубликовано 7 сентября 2013 года в районной газете "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" № 139-140).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам экономики, финансов, бюджета, развития местного самоуправления, индустриально-инновационного развития, развития региона, транспорта и связи, малого и среднего бизнеса.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь
      районного маслихата районного маслихата
      Д. Абдраимов Б. Алимбет

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 35-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде № 2421 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 65-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 30.03.2020 № 65-5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

      2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 20-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2001 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 қыркүйектегі № 139-140 аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Д. Абдраимов Б. Әлімбет