О возмещении затрат

Решение ХXVIII сессии Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 31 марта 2014 года № 217. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 15 апреля 2014 года № 2588. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 27 декабря 2023 года № 100

      Сноска. Утратило cилу решением Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 27.12.2023 № 100 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Возместить затраты на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в размере четырех месячных расчетных показателей в квартал на каждого ребенка-инвалида.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на детей-инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении, и детей-инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся на дому, независимо от дохода семьи;

      2) возмещение затрат предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Управление образования Карагандинской области";

      3) возмещение затрат производится за истекший месяц по мере поступления финансирования. При наличии обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком-инвалидом возраста 18 лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Каражалского городского маслихата Карагандинской области от 26.11.2014 № 280 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии городского маслихата по вопросам социальной сферы и правовой защиты.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дня его первого официального опубликования.

Председатель XXVIII сессии,


секретарь городского маслихата

З. Оспанова


Шығындарды өтеу туралы

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының № 217 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 2588 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 100 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.12.2023 № 100 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

ХХVІІІ сессия төрағасы,


қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова