Об организации приписки по Актогайскому району граждан мужского пола 1998 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш

Решение акима Актогайского района Карагандинской области от 19 декабря 2014 года № 03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 января 2015 года № 2931. Прекращено действие в связи с истечением срока

      Во исполнение статьи 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", руководствуясь статьей 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" аким Актогайского района РЕШИЛ:

      1. Организовать приписку граждан мужского пола 1998 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш до 01 апреля 2015 года с целью принятия их на воинский учет, определения количества, степени годности к воинской службе, установления общеобразовательного уровня, полученной специальности и уровня физической подготовленности.

      2. Руководителям организаций образования и иных организаций при получении допризывниками повесток на медицинскую комиссию освободить их от работы, учебы для прохождения медицинского освидетельствования и сбора документов.

      3. Начальнику объединенного отдела по делам обороны города Балхаш (Алишев Б.А. - по согласованию) до 15 апреля 2015 года представить акиму Актогайского района информацию об итогах приписки граждан мужского пола 1998 года рождения к призывному участку.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Нокеш Кайрат Оразулы.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Н.И. Омарханов


      "СОГЛАСОВАНО"

      Начальник объединенного

      отдела по делам обороны

      города Балхаш Б.А. Алишев

      19 декабря 2014 года

Ақтоғай ауданы бойынша 1998 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қаңтарда № 2931 болып тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында 2015 жылғы 01 сәуірге дейін ұйымдастырылсын.

      2. Тіркеуге жататын азаматтар шақыру қағаздарын алған күннен бастап білім беру ұйымдарының және басқа ұйымдардың басшылары оларды дәрігерлік сараптамадан өту және құжаттар жинау үшін жұмыстан, оқудан босатсын.

      3. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Алишев - келісім бойынша) 1998 жылы туған ер азаматтарды тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты Ақтоғай ауданының әкіміне 2015 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қайрат Оразұлы Нөкешке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Омарханов Н.И.


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Балқаш қаласының қорғаныс

      істері жөніндегі біріктірілген

      бөлімінің бастығы Б.А. Алишев

      19 желтоқсан 2014 жыл