О внесении изменений в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года № 5/38 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск"

Решение XXXVII сессии Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 23 сентября 2014 года № 37/262. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 20 октября 2014 года № 2802

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года № 5/38 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-4-278, опубликовано в газете «Приозерский вестник» № 18 (251) от 11 мая 2012 года), следующие изменения:
      1) пункт 18 Правил изложить в следующей редакции:
      «18. Для назначения жилищной помощи заявитель представляет документы, указанные в пункте 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи».»;
      2) пункт 25 Правил изложить в новой редакции:
      «25. Жилищная помощь предоставляется в безналичной и наличной форме. Безналичная форма – это перечисление денежных средств на расчетные счета поставщиков услуг, а также на счета (текущий, накопительный) органа управления объектом кондоминиума.
      В случае невозможности перечисления суммы жилищной помощи на расчетный счет поставщика коммунальных услуг (ликвидация предприятия, реорганизация, изменение банковских реквизитов, оплата приобретения твердого топлива, услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций) она распределяется между другими поставщиками, услугами которых пользуется заявитель или выплачивается наличным путем. Наличная форма устанавливается в виде денежных выплат, которая осуществляется через банки второго уровня или организации, имеющими лицензии Национального Банка Республики Казахстан на осуществление данного вида операций, путем зачисления на лицевые счета граждан. Для зачисления на лицевые счета заявитель предоставляет лицевой счет, открытый в банке второго уровня или организации, имеющей лицензию Национального Банка Республики Казахстан.».
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социально-культурному развитию и социальной защите населения.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии
      Секретарь городского маслихата

С. Поченко
Б. Сарсембеков

Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі XXХVII сессиясының № 37/262 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қазанда № 2802 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 «Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-278 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы № 18 (251) «Приозерский вестник» газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Ереженің 18-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысымен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.»;
      2) Ереженің 25 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «25. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы) жинақтаушы шоттарына аудару.
      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш беруші екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шотты ұсынуы тиіс.».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік–мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Қалалық мәслихат хатшысы

С. Поченко
Б. Сәрсембеков