Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования реки Сырдарьи на территориях Аральского, Казалинского, Кармакшинского, Жалагашского, Сырдарьинского, Шиелийского, Жанакорганского районов и города Кызылорды

Постановление Кызылординского областного акимата от 29 декабря 2014 года № 805. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 26 января 2015 года № 4854. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 18 марта 2015 года № 881

      Сноска. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 18.03.2015 № 881 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года "Земельный кодекс Республики Казахстан" и Кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года "Водный кодекс Республики Казахстан" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить:
      водоохранные зоны и полосы реки Сырдарьи в границах территорий Аральского, Казалинского, Кармакшинского, Жалагашского, Сырдарьинского, Шиелийского, Жанакорганского районов и города Кызылорды на основании утвержденной проектной документации;
      режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос реки Сырдарьи в границах территорий Аральского, Казалинского, Кармакшинского, Жалагашского, Сырдарьинского, Шиелийского, Жанакорганского районов и города Кызылорды согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Акимам Аральского, Казалинского, Кармакшинского, Жалагашского, Сырдарьинского, Шиелийского, Жанакорганского районов и города Кызылорды и республиканскому государственному учреждению "Арало-Сырдарьинская бассейновая инспекция по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию) принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Кызылординской области от 1 октября 2013 года № 299 "Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования реки Сырдарьи на территориях Жанакорганского, Шиелийского, Сырдарьинского, Жалагашского районов и города Кызылорды (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4525, опубликовано 17 октября 2013 года в газетах "Сыр бойы", "Кызылординские вести").
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Кожаниязова С.С.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Аким Кызылординской области К. Кушербаев
      СОГЛАСОВАНО
      Руководитель республиканского государственного
      учреждения "Арало-Сырдарьинская бассейновая
      инспекция по регулированию использования и
      охране водных ресурсов Комитета по водным
      ресурсам Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан"
      _____________________ Карлыханов А.
      "29" декабря 2014 года

  Приложение
к постановлению акимата
Кызылординской области
от "29" декабря 2014 года № 805

Режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос реки Сырдарьи в границах территорий Аральского, Казалинского, Кармакшинского, Жалагашского, Сырдарьинского, Шиелийского, Жанакорганского районов и города Кызылорды

      1. В пределах водоохранных зон запрещаются:
      1) ввод в эксплуатацию новых и реконструированных объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение и засорение водных объектов и их водоохранных зон и полос;
      2) проведение реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций и других объектов, а также производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, земельных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке с местными исполнительными органами, уполномоченным органом, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами, уполномоченными органами в области энергоснабжения и санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другими заинтересованными органами;
      3) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, ядохимикатов и нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания, мойки транспортных средств и сельскохозяйственной техники, механических мастерских, устройство свалок бытовых и промышленных отходов, площадок для заправки аппаратуры пестицидами и ядохимикатами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;
      4) размещение животноводческих ферм и комплексов, накопителей сточных вод, полей орошения сточными водами, кладбищ, скотомогильников (биотермических ям), а также других объектов, обусловливающих опасность микробного загрязнения поверхностных и подземных вод;
      5) выпас скота с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;
      6) применение способа авиаобработки ядохимикатами и авиаподкормки минеральными удобрениями сельскохозяйственных культур и лесонасаждений на расстоянии менее двух тысяч метров от уреза воды в водном источнике;
      7) применение пестицидов, на которые не установлены предельно допустимые концентрации, внесение удобрений по снежному покрову, а также использование в качестве удобрений необезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических ядохимикатов.
      При необходимости проведения вынужденной санитарной обработки в водоохранной зоне допускается применение мало - и среднетоксичных нестойких пестицидов.
      2. В пределах водоохранных полос запрещаются:
      1) хозяйственная и иная деятельность, ухудшающая качественное и гидрологическое состояние (загрязнение, засорение, истощение) водных объектов;
      2) строительство и эксплуатация зданий и сооружений, за исключением водохозяйственных и водозаборных сооружений и их коммуникаций, мостов, мостовых сооружений, причалов, портов, пирсов и иных объектов транспортной инфраструктуры, связанных с деятельностью водного транспорта, объектов по использованию возобновляемых источников энергии (гидродинамической энергии воды), а также рекреационных зон на водном объекте;
      3) предоставление земельных участков под садоводство и дачное строительство;
      4) эксплуатация существующих объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водных объектов и их водоохранных зон и полос;
      5) проведение работ, нарушающих почвенный и травяной покров (в том числе распашка земель, выпас скота, добыча полезных ископаемых), за исключением обработки земель для залужения отдельных участков, посева и посадки леса;
      6) устройство палаточных городков, постоянных стоянок для транспортных средств, летних лагерей для скота;
      7) применение всех видов удобрений.
      3. В водоохранных зонах и полосах запрещается строительство (реконструкция, капитальный ремонт) предприятий, зданий, сооружений и коммуникаций без наличия проектов, согласованных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, и получивших положительные заключения государственной экологической экспертизы, государственной экспертизы проектов (включающей выводы экологической и других экспертиз).

Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 805 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 4854 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 881 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 18.03.2015 № 881 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасының Су кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген жобалық құжаттама негізінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының аумақтары шекарасында Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
      2. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының аумақтары шекарасында Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдері және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. "Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 299 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4525 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2013 жылғы 17 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
      Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _________________ Ә. Қарлыханов
      2014 жылғы "29" желтоқсан

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы "29" желтоқсандағы № 805
қаулысына қосымша

Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының аумақтары шекарасында Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
      3) бау - бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жобалары болмаса және мемлекеттік экологиялык сараптаманың, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын (экологиялық және басқа да сараптамалардың қорытындыларын қамтитын) алған жобалары болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.