Об определении целевых групп населения на 2015 год

Постановление акимата города Лисаковска Костанайской области от 25 ноября 2014 года № 543. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 25 декабря 2014 года № 5249

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Лисаковска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить целевыми группами населения следующие категории:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети - сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14) лица, потерпевшие от акта терроризма, и лица, участвовавшие в его пресечении;
      15) молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      16) лица, зарегистрированные в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска" в качестве безработных, не имеющих подходящей работы.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      города Лисаковска                          М. Жундубаев

2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 543 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 5249 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      16) "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыздар ретінде тіркелген лайықты жұмысы жоқ адамдар.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков
      қаласының әкімі                            М. Жүндібаев