Об определении порядка расчета ставок арендной платы при передаче объектов районного коммунального имущества города Экибастуза в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 28 октября 2014 года № 1252/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 12 ноября 2014 года № 4151. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 15 мая 2015 года № 550/6

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 15.05.2015 № 550/6.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Правилами передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить прилагаемый порядок расчета ставок арендной платы при передаче объектов районного коммунального имущества города Экибастуза в имущественный наем (аренду).
      2. Государственному учреждению "Отдел финансов акимата города Экибастуза" принять необходимые меры, по реализации настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на курирующего заместителя акима города Экибастуза.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза А. Вербняк

  Приложение
к постановлению акимата
города Экибастуза
от 28 октября 2014 года
№ 1252/10

Порядок расчета ставок арендной платы при передаче
объектов районного коммунального имущества города
Экибастуза в имущественный наем (аренду)

      1. Настоящий порядок разработан в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88, и определяет порядок расчета ставок арендной платы при передаче объектов районного коммунального имущества города Экибастуза в имущественный наем (аренду).
      2. Расчет ставки годовой арендной платы при передаче в имущественный наем (аренду) объектов районного коммунального имущества (нежилого фонда) рассчитывается по формуле:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      где:
      Ап - ставка арендной платы объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц в год;
      Бс - базовая ставка арендной платы за 1 квадратный метр в размере 2,0 месячных расчетных показателей (далее - МРП) в год, установленных Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год;
      S - арендуемая площадь, квадратный метр;
      Кт - коэффициент, учитывающий тип строения;
      Кк - коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения;
      Кск - коэффициент, учитывающий степень комфортности;
      Кр - коэффициент, учитывающий территориальное расположение;
      Квд - коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя;
      Копф - коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя.
      Балансодержатель районного коммунального имущества обеспечивает соответствие размеров занимаемых нанимателем помещений размерам помещений.
      3. Коэффициенты, применяемые при расчете ставок арендной платы для объектов районного коммунального имущества города Экибастуза:

№ п/п
Вид коэффициентов
Размер коэффициента
1
Коэффициент, учитывающий тип строения (Кт):
 
1.1 административное
1,0
1.2 производственное
0,8
1.3 складское, гаражное, котельная
0,6
1.4 спортивные сооружения (стадионы, спортивные залы)
0,7
2
Коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения (Кк):
 
2.1 отдельно стоящее строение
1,0
2.2 встроено-пристроенная часть
0,9
2.3 цокольная (полуподвальная) часть
0,7
2.4 подвальная часть
0,6
3
Коэффициент,учитывающий степень комфортности (Кск):
 
3.1 для помещений со всеми инженерно-техническими устройствами (электрическая энергия, канализация, водоснабжение, отопление) при отсутствии каких-либо видов коммуникаций уменьшается на 0,1 за каждый вид
1,0
4
Коэффициент, учитывающий территориальное расположение (Кр):
 
4.1 город Экибастуз
1,5
4.2 поселок, село (ауыл)
0,5
5
Коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя (Квд):
 
5.1 для расчетно-кассовых центров банков, Акционерное общество "Казпочта", банкоматов, мультикасс, терминалов для обслуживания населения
2,5
5.2 для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор, а также организаций, оказывающих услуги сотовой связи, радиосвязи
3,0
5.3 для организации торговли, гостиничных услуг
2,5
5.4 для организации общественного питания
1,5
5.5 для организации услуг в области:
науки и высшего образования
среднего образования
дошкольного образования
1,1
0,9
0,8
5.6 для организации услуг в области здравоохранения, культуры и спорта
1,0
5.7 для организации питания сотрудников, оказания бытовых услуг в зданиях республиканских и коммунальных юридических лиц с пропускной системой (ограниченным доступом), а также столовых и буфетов в учебных заведениях
0,4
5.8 для видов деятельности, за исключением видов деятельности, указанных в пунктах 5.1-5.7
1,9
6
Коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя (Копф):
 
6.1 для субъектов малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития услуг населению, за исключением – посреднической деятельности
0,9
6.2 для акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) пятьдесят и более процентов акций (долей участия) и получающих не менее 90 процентов дохода от выполнения бюджетных программ, в случае предоставления письменного подтверждения государственного органа, осуществляющего права владения и пользования государственным пакетом акций
0,8
6.3 для благотворительных и общественных организаций, некоммерческих организаций
0,5
6.4 для остальных
1,0

      4. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей осуществляется по формуле:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
      где:
      Ап - ставка арендной платы за оборудование, транспортные средства и другие не потребляемые вещи в год;
      С - остаточная стоимость оборудования по данным бухгалтерского учета;
      При сдаче в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей с начисленным износом 100 процентов остаточная стоимость принимается в размере 10 процентов от первоначальной (восстановительной) стоимости;
      Nam - предельные нормы амортизации в соответствии со статьей 120 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);
      Кп - понижающий коэффициент (применяется при износе оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей более шестидесяти процентов - в размере 0,8, при предоставлении субъектам малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населения, за исключением торгово-закупочной (посреднической) деятельности, - в размере 0,5).
      5. Расчет арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) по часам объектов государственного нежилого фонда, а также оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц, осуществляется по следующей формуле:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      где:
      Ач - ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи, находящиеся на балансе коммунальных юридических лиц, в час;
      Ап - ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи, находящиеся на балансе коммунальных юридических лиц, в год;
      Д - количество дней в месяце, в котором осуществляется передача объектов в имущественный наем.

Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1252/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қарашада № 4151 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 550/6 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 15.05.2015 № 550/6 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 1252/10 қаулысына
қосымша

Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік
объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемелерін есептеу тәртібі

      1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесінің есебі келесі формула бойынша есептеледі:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұндағы:
      Ап - жылына коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Бс - 1 шаршы метрге базалық мөлшерлеме тиісті жылға бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
      S - жалға берілетін алаң, шаршы метр;
      Кт - құрылыс тұрпатын ескеретін коэффициент;
      Кк - тұрғын емес үй-жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
      Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
      Копф - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалға алушы алып отырған үй-жайлар көлемінің үй-жайлардың көлеміне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
      3. Екібастұз қаласының аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:

Р/с №
Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс тұрпатын ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 әкімшілік
1,0
1.2 өдірістік
0,8
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорт залдар)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк):
 
2.1 жеке тұратын құрылыс
1,0
2.2 салынған-жапсарлас салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрі болмаған жағдайда, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
4.1 Екібастұз қаласы
1,5
4.2 кент, ауыл (село)
0,5
5
Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
5.1 тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпочта" акционерлік қоғамы, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар үшін
2,5
5.2 делдалдық қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер, сонымен қатар радио байланысы, ұялы байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін
3,0
5.3 қонақ үй, сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін
2,5
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
1,5
5.5 мынадай:
ғылым және жоғары білім
орта білім
мектепке дейінгі білім саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,1
0,9
0,8
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,0
5.7 қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, өткізу жүйесі бар (шекті қол жеткізу) республикалық және коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында тұрмыстық қызметтер көрсету, сонымен қатар оқу орындарында асханалар және буфеттер үшін
0,4
5.8 5.1-5.7-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін
1,9
6
Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф)
 
6.1 сауда-делдалдық қызметтен басқа, өндірістік қызмет ұйымы және тұрғындарға көмек көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
6.2 мемлекеттік акциялар пакетін иеленуді және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша растауы ұсынылған жағдайда, елу және одан көп акциялар пайызы (қатысу үлестері) бар және бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан 90 пайызынан кем емес табыс алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
6.4 қалғандары үшін
1,0

      4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
      мұндағы:
      Ап - жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (алпыс пайыздан аса жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттардың тозуы кезінде - 0,8 мөлшерінде сауда-саттық (делдалдық) қызметтен басқа халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсыну кезінде - 0,5 мөлшерінде қолданылады).
      5. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдық, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ач = Ап/12/Д/24,
      мұнда:
      Ач - сағатына коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап - жылына коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Д - объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.