Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Атырауской области

Решение Акимата Атырауской области от 08 декабря 2014 года № 21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 24 декабря 2014 года № 3063

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и пунктом 20 Перечня нормативных правовых актов и правовых актов, принятие которых необходимо в целях реализации законов Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года «Об органах внутренних дел Республики Казахстан» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности органов внутренних дел», утвержденного распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 81-р «О мерах по реализации законов Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года «Об органах внутренних дел Республики Казахстан» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности органов внутренних дел» аким Атырауской области РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Атырауской области согласно приложению к настоящему решению.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на Мукана Ш. Ж. - заместителя акима Атырауской области.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким областиБ. Измухамбетов

 Приложение к решению акима
Атырауской области
от 8 декабря 2014 года № 21

Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Атырауской области

      Во исполнение подпункта 14) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», в целях соблюдения Правил обеспечения безопасности граждан при проведении спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий, установленных статьей 39 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года «О физической культуре и спорте» и статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре» определить, что не допускается реализация продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий.

Атырау облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 желтоқсандағы № 21 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 3063 болып тіркелді

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер тізбесінің 20-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкіміБ. Ізмұхамбетов

 Атырау облысы әкімінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 21 шешіміне қосымша

Атырау облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын орындау үшін, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 39-бабымен және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 9-1-бабымен белгіленген спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шараларын өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын сақтау мақсатында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға жол берілмейтіндігі белгіленсін.