О предоставлении в 2014 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Туркестан

Решение Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 19 марта 2014 года № 25/145-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 14 апреля 2014 года № 2603. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо маслихата города Туркестан Южно-Казахстанской области от 31 декабря 2014 года № 01-10/329)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо маслихата города Туркестан Южно-Казахстанской области от 31.12.2014 № 01-10/329).

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 31.10.2014 № 36/198-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала. 
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 и заявлением акима города, Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности в специалистах сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Туркестан, предоставить в 2014 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на одного специалиста.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 31.10.2014 № 36/198-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Бюджетный кредит на приобретение или строительство жилья для специалистов предоставляется сроком на пятнадцать лет; ставка вознаграждения по кредиту устанавливается в размере 0,01 % годовых от суммы кредита.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.  

      Председатель сессии
      городского маслихата                       А.Наринбетов
      
      Секретарь городского
      маслихата                                  Г.Рысбеков

Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 25/145-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 сәуірде 2603 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-10/329 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 31.12.2014 № 01-10/329 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 31.10.2014 № 36/198-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің 2-тармағына және қала әкімінің мәлімдемесіне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2014 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 31.10.2014 № 36/198-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерiнде белгiленедi.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      А.Наринбетов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Ғ.Рысбеков